ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі "Аңыз адам" журналының мұқабасында Гитлердің суреті бейнеленген санына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналдың бас редакторы Жарылқап Қалыбай бұған дейін SCAT әуе компаниясының ұшағында мемлекеттік тілде сөйлемеген стюардессамен жанжалдасқан болатын.
"ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі "Жұлдыздар отбасы" - "Аңыз адам" журналының сәуір айындағы нөмірінің шығу дерегі бойынша төмендегіні хабарлайды: Журнал нөмірінің мазмұнында Конституция мен ҚР әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты туғызуға қатысты заңнамаларын бұзу белгілері бар (ҚР Қылмыстық кодексінің 164-бабы)", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында. Хабарламада сондай-ақ "Агенттік бұл факті бойынша мейлінше толық шараларды қолға алатын болады", - делінген. Қылмыстық кодекске сай, мұндай әрекет үшін 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза - 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Еске салайық, қазақ тіліндегі "Аңыз адам" журналының соңғы саны Адольф Гитлердің 125 жылдығына арналған. Мақалаларда авторлар оны халықтар құқығы үшін күрескен ұлы, тегеурінді тұлға ретінде суреттейді. Авторлардың бірі Владимир Путинді Гитлермен салыстырып, Ресей Президентінің соңғы кездердегі әрекетінің сондай салдарларға соқтыруы мүмкін екенін баяндайды.
Жарылғап Қалыбай, «Аңыз адам» журналының бас редакторы:
Адольф Гитлерді Германияда да, Францияда да, Англияда да аңыз адам ретінде талай басылымдар жазған. «100 тұлға» деген сияқты шетелдік жинақтар бар ғой, сондай жинақтарға Гитлер енген. Ал біз Гитлерді «Аңыз адамға» шығарып едік, орыс тілді сайттар, біраз жұртшылық бізге айып тағып жатыр. Бізге гитлерді насихаттадыңдар деп жатқандар журналды аяғына дейін оқымаған. Өйткені орыс тілді журналистер, ресейлік сайттардың тілшілері қазақша оқи алмайды ғой. Тек әйтеуір, «Аңыз адам» журналының мұқабасына қарап даурығуда. Ал біз Гитлер туралы не үшін жазғанымызды журналдың алғашқы бетінде-ақ түсіндіріп кеткенбіз. Егер ғайыптан тайып кез-келген мемлекет басына осындай бір адам келіп қалса, бүкіл дүниені төңкеріп жібере жаздап, II дүниежүзілік соғыс секілді қантөгісті ұйымдастыруы мүмкін екендігін жазғанбыз. Ұлы Отан соғысына 72 мемлекет қатысып, миллиондаған адам қырылды ғой.Сондай-ақ Гитлердің «Мен басқа мемлекеттерде тұратын неміс халқының мүддесін қорғаймын» дегені тарихтан белгілі. Бірақ «Аңыз адам» журналында дәл осылай жазылмаған.
"Аңыз адам" журналы ұлттық алауыздықты туғызды деп айыпталады
Последние статьи автора