Шымкент базарларының бірінде кетпен құралдарын сатушы тауарларына бағасымен бірге ұйқасқа құрылған түсіндірме сөздер жазып қойған. Оны көрген сатып алушылар видеоға түсіріп, желіде жариялаған.
Кетпендердің әрқайсында әзіл-қалжыңға құрылған мынадай түсіндірме сөздер жазылған. «Сыпырғанда жаның жай табады, байы жоқ қыз бай табады», «Ақшаны ақша табады, мықты адам кетпен шабады», «Үлкен кетпен балшыққа, жүресің үнемі шалшықта», «Арам шөп шабатын кетпен», «Қолыңда мықты кетпен, осы кеткенің кеткен. Жақсы кетпен», «Неменеге бастадым стройканы ойбай-ай дегізбейтін кетпен», «Бұл кетпен, ешкімде жоқ кетпен, Қытайдың да қорғанын қирататын кетпен» деп жазылған.
Бұл жазуды көрген сатып алушылардың жүзіне күлкі ұялататыны сөзсіз. Ол ғана емес, видеоны түсірушінің де күлкісі адамның көңіл-күйін көтереді.
Шымкент базарындағы тауарларға жазылған сөздер елді күлкіге қарық қылды (видео)
Последние статьи автора