Бүгін таңертең «Қызылжар» орталық мешітінде мұсылмандардың Рамазан айының аяқталуы және Оразай айттың басталуына орай намаз оқылды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Мұсылмандарды мерекемен өңір басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады.
«Ораза айт - бірлік мерекесі, ол бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатқан барша қазақстандықтарды біріктіреді. Биыл Ораза айтын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында тойлайтынымыз қуантады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, халықтың бірлігі діндердің бірлігіне байланысты. Әр жанұяға денсаулық, береке мен бақыт тілеймін! Елімізде мәңгі бірлік пен келісім болсын», - деп атап өтті облыс әкімі.
Мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесі бір айға созылған Рамазан айының соңында болады әрі үш күнге созылады. Бұл мерекелік күндері берілген садақалардың сауабы мол.