Балқашта лаңкестік жасамақшы болған бес күдікті тұтқындалды

Қарағанды облысы Балқаш қаласында террорлық топ құрды деген күдікпен бес ер адам екі айға тұтқындалды. Бұл туралы облыстық соттың баспсөз қызметі хабарлады.

«29 маусымда Балқаш қалалық соты ҚР ҚК 257-бабы 1-бөлімі, 287-бабы 5-бөлігі бойынша қылмыс жасаған У.Д.Д., У.К.Д., У.Е.Д., А.Б.Д. және К.Н.М. сынды күдікті тұлғаларға қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялау туралы 5 материалды қарады», - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен бес күдікті екі айға қамауға алынды. Облыстық соттың ақпаратына сәйкес олар 26-37 жас аралығындағы Қарағанды облысының тумалары, бұрын сотталғандар.

«2016 жылғы сәуірде дәстүрлі емес ағымдағы дінді ұстанатын Балқаш тұрғыны У.К.Б. қалада лаңкестік топ құрады, олар Балқаш қаласы мен Гүлшат кентінің тұрғындары. Олардың мақсаты қолдан жарылғыш зат жасап, Қазақстанда террорлық акті жасау, елде қызметіне тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық лаңкестік тобына жәрдемдесу», - деп түсіндірді облыстық сот баспасөз қызметінде.

Тергеу нұсқасы бойынша топты 36 жастағы Балқаш тұрғыны басқарған. «Бұл ретте әр қатысушыға рөл берілген, жарылғыш зат іздеу, оны қолдан дайындау, автокөлік пен ақшаны қылмыстық қажеттілікке пайдалану, лаңкестік жасау орнын іздеу», - делінген хабарламада.

Лаңкестік топ мүшелері жарылғыш затты заңсыз иеленіп, Гүлшат ауылында сақтаған. Оқ-дәріні қайдан алғаны әзірге белгісіз. Оны тергеу анықтайды.

«26 маусымда сағат 21.10-да Гүлшат кентінде топ қатысушыларының бірі жарылғыш затпен өз-өзін жарып жіберді», - деп қосты сот баспасөз қызметі.

Бұрын хабарланғандай, Балқаш қаласы мен Гүлшат кентінде жарылыс жасамақшы болған радикалдық топ қызметінің жолы кесілді.

Ұстау кезінде бір лаңкес өзін-өзі жарып жіберді. Басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қалған топ мүшелері ұсталды. Заттай айғақтар, қару тәркіленді. Сот алды тергеу жүргізілуде.

www.inform.kz/kaz/article/2920435 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста