"Тәуелсіздік - тірегім" тәрбие сағаты
14 желтоқсан күні Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты 118 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына арналған "Тәуелсіздік - тірегім" атты тәрбие сағаты өтті.
Жас ұрпақтың отансүйгіштікке, жауапкершілікке, адалдыққа, мемлекеттік тілге құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған іс-шараны қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Г.К.Утепбергенова мен А.Ж.Оразалиева 2 "е" сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырды. Мектеп директоры Бопанова Бахыт Кошмухамбетовна
Орыс тілінде білім беретін білім ордасында іс-шара тек мемлекеттік тілде жүргізілді. Қазақ тілінде еркін сөйлеген оқушылар көрерменді баурап алды. "Жаса,Қазақстан " әніне қойылған флеш-мобпен шымылдығы ашылған іс-шара барысында оқушылар "Тәуелсіздік хронологиясы, "Мемлекеттік рәміздер", "Елбасы", "Астана", "Отан" тақырыптарында өлеңдер оқыды. Көп ұлтты мемлекетте тату-тәтті өмір сүріп жатқан балақайлар хорезм биін биледі. Бүгінгі бақытты ұрпақ атынан үн қатқан 2 "а" сынып оқушылар кеш соңын "Біз бақытты баламыз" әнімен қорытындылады.
«Тәуелсіздік ел мақтанышы» атты тәрбие сағатының БАҒДАРЛАМАСЫ
Флеш-моб. «Алға, Қазақстан» әніне.
(Іс-шараға қатысушы барлық оқушы билейді)
Хамза: Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Камила: Есенсіздер ме, қымбатты достар!
Имурел: Тәуелсіздіктің отыз жылдық мерекесіне арналған, «Тәуелсіздік ел мақтанышы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Айша: Мерекелік кешімізді «ашық деп» жариялауға рұқсат етіңіздер!
Әнұран.
Имурел: Айша саған бір сұрақ қойсам бола ма?
Айша: Әрине.
Имурел: Қазақстанда 1991 жылдан – 2021 жылға дейін, яғни 30 жылда қандай оқиғалар болды, білесің бе?
Айша: Авамусилим, мен 8-демін. Сондықтан 30 жылда қандай оқиғалар болғанын білмеймін ғой.
Авамусилим: Ендеше Айша ортаға сол оқиғаларды білетін сыныптастарымызды шақырайық.
Айша: Әрине, шақырайық. Ортада 2 е сынып оқушылары. Тәуелсіздік хронологиясы.
(Ортаға Тәуелсіздік хронологиясын оқитын оқушылар шығады. Хронология айтылған слайдтар жүріп отырады)
Хамза: «Родина», «Родная земля» (деп сөйлеп сахнаға шығады)
Камила: Хамза, Родина – Отан, Родная земля – туған жер. Бүгін қазақша сөйлейміз деп келістік қой.
Хамза: Кешір, Камила. Көп рахмет. Сол сөздердің қазақшасын есіме түсіре алмай тұрғам.
Камила: Оқасы жоқ. Ендеше келесі кезекте не тыңдаймыз?
Хамза: Отан туралы тақпақтар. Ортада біздің сыныптың оқушылары.
Камила: Қарсы алыңыздар!
(Отан туралы тақпақтар. Оқушылар: Мусилим, Кирилл, Ярослав)
Имурел: Айша, бүгін бізге 2 а сынып оқушысы қонаққа келіпті?
Айша: Неге? Біздің концертті көруге ме?
Имурел: Жооқ, ән айтуға.
Айша: А-А-А, ендеше ортаға шақырайық.
Имурел: Ортаға 2 а сынып оқушысы Иминджанова Нафисаны шақырамыз.
Айша: Хамза, Имурел, зачем вам флаг, где сценарий? Кто объявит следующий номер?
Хамза: Айша, біріншіден қазақша сөйлейміз. Екіншіден бұл флаг емес қазақ тілі сабағында үйрендік емес пе? Бұл - ту.
Имурел: Жай ту емес, Қазақтан Республикасының туы.
Камила: Айша, мен түсіндім. Келесі нөмерде мемлекеттің рәміздер туралы өлеңдер оқиды.
Айша: Есіме түсті. Рахмет достар.
Хамза: Ендеше 2 е сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
(Мемлекеттік рәміздер туралы тақпақтар. Оқушылар: Риана, Катя, Натали )
Н.Ә.Назарбаев туралы 5 сек. Видео-ролик көрсетіледі.
Имурел: Хамза, видеодан кімді көрсетті білесің бе?
Хамза: Иә, Қазақстанның президентін
Камила: Жоқ, Хамза. Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш президент.
Айша: Камила, дұрыс айтады. Ол кісі қазір ЕЛБАСЫ.
Хамза: Жақсы достар, түсіндім. Біздің сыныпта Нұрсұлтан Әбішұлы туралы көп білетін оқушылар бар ма?
Имурел: Әрине, бар. Қазір ортаға шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
(Елбасы туралы тақпақтар. Оқушылар: Мусилим, Сафия, Әділ )
БИ. (сахна сыртынан хабарланады.)
Хамза: 2 е сынып оқушысы Курбанова Руфина. Ұйғыр биі.
Камила: Хамза сен Астана қаласына барып көрдің бе?
Хамза: Жоқ, барып көрмедім.
Камила: Мен жазда Астанаға, ой Нұрсұлтан қаласына бардым. Бәйтерекеті, Ханшатырды, Акянариумды көрдім.
Хамза: Қандай тамаша! Жазғы демалыста менде міндетті түрде барамын.
Камила: Ал, әзірге тақпақтар тыңдайық. Ортада 2 е сынып оқушылары
(Астана туралы тақпақтар. Оқушылар: Валерия, Фархад, Эвелина)
Имурел: Достар, бүгінгі кешке арнап бізде өлең оқымаймыз ба?
Хамза: Әрине оқимыз.
Камила: Қазақстан Республикасын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймыз.
Айша: Мерекеге арналған құттықтау өлеңдерін қабыл алыңыздар
Имурел:
Отаным, Қазақстан,
Құтты болсын мерекең.
Тәуелсіз елге отыз жыл,
Арта берсін берекең.
Камила:
Өзіңді мақтан етемін,
Қазақстаным, Отаным!
Құтты боп отыз жылдығың,
«Жаса!» деп үн қатамын!
Хамза:
Елім деп соғад(ы) жүрегім,
Жерім деп соғад(ы) жүрегім.
Отыз жылдығың биылғы,
Құтты болсын нұр елім!
Айша:
Қазақстаным айбыным,
Өзіңсің менің Ай, күнім!
Отыз жылдығың сыйласын,
Таусылмас шаттық, байлығын!
Хамза:
Мереке құтты болсын!
Айша:
Қазақстан жасай берсін!
Имурел:
Сіздерге мың алғыс!
Камила:
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
ХОР. ӘН «Иә, солай!»
Гаухар Көшербайқызы