Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе – теңдік. Логарифмдердің қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе – теңдік. Логарифмдердің қасиеттері
Алматы қаласы, №32 жалпы білім беретін мектеп Жиенбаева Гүлім Қасымовна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға логарифмнің қасиеттерімен таныстырып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың алгебра пәніне қызығушылықтарын арттырып, интерактивті технологияны қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылар өз жетістіктерін бағалай білуге, өз бетінше есептер шығарып іздене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: жеке, практикалық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер.
Пәнаралық байланыс: тарих, информатика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың өткен материалды қаншалықты меңгергендігін тексеру(№223,224 есептерінің жауаптарын ауызша оқыту)
«Ой қозғау» Оқушылардан өтілген материалдарды қайталау сұрақтары:
* Көрсеткіштік функцияның негізі арқылы осы функцияның қандай қасиеттері анықталады?
* Қандай көрсеткіштік функциялардың графиктері ордината осьіне қарағанда симметриялы болады?
* Көрсеткіштік теңдеуді бірдей негізге келтіріп шығару тәсілі оң және бірге тең емес дәреженің қандай тәсіліне негізделген?
* Көрсеткіштік теңдеу әр уақытта бірдей негізге келтіру тәсілімен шығарыла ма? Жауабын түсіндіріңдер
«Білімдіге биіктен орын».
Алгебраның тарихын пайдалану арқылы жаңа сабақты меңгерту. Алгебраны кейде «жеті амалдан тұратын арифметика» деп атайды, себебі алгебра төрт арифметикалық амалдан басқа дәрежеге шығару және оған кері екі амалды қарастырады.