Сәлемдесу эстетикасы – қазақ тілі сабақтарында

Сәлемдесу эстетикасы – қазақ тілі сабақтарында

Мальшубаева Шынаргүл Сағындыққызы,
Павлодар қаласы, Қалижан Бекхожин атындағы
№12 жалпы орта білім мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 Бала тәрбиесі- отбасы, ошақ қасы, ананың құшағы, әкенің саясынан басталып, мектепте, қоғамда, түрлі ортада жалғасын табатыны белгілі. Осы тәрбие үрдісінде сырт көзге ұсақ-түйек сияқты көрінетін, алайда адамның мәдени дамуында орын алатын жайттар аз емес. Ондай ұсақ-түйекке көңіл бөліп, баланың санасына жеткізіп отыру, ең алдымен, қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті болса керек.
Мектеп бағдарламасында «Эстетика» пәні оқытылмағанымен, эстетикалық тәрбие әр ұстаздың оқушыны әдепттілікке баулу құралына айналуы керек. Соның ішінде сөйлеу, қарым-қатынас эстетикасын тіл мұғалімі үнемі сабақтың өн бойына кіріктіріп отыруға тиіс.
Мектеп қабырғасына балалардың көпшілігі амандасу дегеннің не екенін білмей келеді. Ата-аналардың бәрі бірдей бұған мән бере бермеуі мүмкін, ал көбінесе балалар сәлемдесуге ұялады. Сондықтан мұғалім үнемі осыны баланың есіне салып, жоғары сыныптарда сәлемдесу түрлерін қай жерде қалай қолдану қажеттігін үйретуі қажет.
Білім мекемелерінде оқушылар ұстаздармен негізінен орындарынан тұрып сәлемдеседі. Ал басқа жерде кезіккенде «Сәлеметсіз бе?» сөзін жиі қолданады.
Кеңестік кезеңде мектепте ер мұғалімдердің кейбірі «Ассалаумағалейкум!» деп қол ұсынған балаларға жекіріп, бұлай амандасуға рұқсат бермей жататын. Қазір ол заман кетті. Әрине, мектептің өзінде үнемі қол беріп сәлемдесу мүмкін емес, өйткені қол алысу жұрттың бәріне бірдей ұнамауы ықтимал. Алайда балалар «Ассалаумағалейкум!» сөзінің мағынасы «Сiзге Алланың нұры жаусын!» деген тілек пен iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, өнегелiлiк қасиет екенін түсінуі тиіс. Және «Уағалейкумассалам!», яғни «Сiзге де соны тiлеймiн!» деген жауаптың үлкендердің жастардың тәрбиелi-өнегелiлiгiне бiлдiрген ризашылығы екенін білгені абзал.
Сәлемдесу түрлерін жіті талдап, оқушыларға үйретуге аса қолайлы тақырыптар жеткілікті. Сондай оңтайлы тақырыптың бірі – қаратпа сөзді өту сабағы. Сол кезде оқушылардың біріне прозалық шығармалардан, енді біреулеріне жыраулар толғауларынан амандық-саулық сұрасуды білдіретін сөздерді тауып, жазып әкелуді тапсыру керек. Бұл, бір жағынан, қаратпа сөздерге қойылатын тыныс белгіні үйретуге де тиімді. Оқушылар өз беттерінше ізденіп, ақын-жыраулар мұраларынан «Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар», «Ассалаумағалейкум, алдияр тақсыр ханымыз!», «Ассалаумағалейкум, би Наурызбай!», тағы басқа толып жатқан мысалдар жазып әкелері сөзсіз. Ал заманауи прозалық шығармалардан олар «Сәлем бердік!» немесе «Сәлеметсіз бе?» дегенді жиі кездестіруі заңды. Осылайша, олар сәлемдесу түрлерінің заманына қарай өзгеруін де ажырата алатын болады. Оқушыларға, сонымен қатар, теледидардан бірнеше бағдарламаны тамашалап, дикторлардың қалай сәлемдесіп, қалай қоштасқанын айтып беруді үй тапсырмасы етіп беру керек. Мұны олар асқан қызығушылықпен орындайды. Нәтижесінде сәлемдесу қорлары байиды әрі «Ассалаумағалейкум!» сияқты сөздердің қайтадан сәнге айналғанын байқайды. Сонымен қатар, «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!», «Қайырлы түн!» сияқты сәлемдесу түрлерін қай уақытта қолдануға болатынын аңғарады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылар сөз мәйегі – мақал-мәтелдерден сусындайды. Осындайда «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал орнынан тұрып сәлем береді», «Сәлем – сөздің атасы», «Бір күн дәм татырғанға – қырық күн сәлем» деген нақылдардың мазмұнына терең тоқталып өту керек. Қазақ ат үстінде тұрып сәлем бермейді. Көліктен түспей отырып алып сәлем беру, дәретханада сәлем беру де әбес саналады. Моншаға түскенде, дұға оқып отырған кезде, азан айтын тұрғанда, Құран Кәрім оқып отырғанда, намаз үстінде, тілек айтылып, бата беріліп жатқанда да сәлемдесуге болмайтынын екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Осының бәрін ата-аналардың бәрі бірдей хабардар болмағандықтан, мұғалім назардан тыс қалдырмағаны жөн.
Қазіргі таңда көптің арасында, әсіресе, мектеп оқушылары арасында сүйісіп амандасу кең етек алған. Бұл – қазақ халқына жат, ұнамсыз, кереғар қылық. Көңілге кірбің түсіретіні, қазіргі заманның жаңалығы болып саналатын ғаламтор, соның ішінде, «Майл.ру.агент», «Одноклассники», «В контакте» секілді әлеуметтік желілер осындай шолақ та сүреңсіз сәлем түрлерінің етек жаюына ықпал етіп тұр. Әлеуметтік желіде қарым-қатынасқа түскен жастар компьютер мен басқа да байланыс құралдарының тетіктерін басуға ерініп, «Сәлем!», «Салют!», «Қалайсыңнан» аспайтын болды. Осының салдарынан ауызекі тілде де сәлемдесу тілінің жұтаңдығы асқынды. Мұндай келеңсіздіктер жастар үшін үйреншікті салтқа айналып кетпесі үшін мұғалім дұрыс бағыт беруі керек және өзі де әрдайым әдемі амандасуымен ерекшеленсе, нұр үстіне нұр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста