Қазақстан қорықтары (Ашық сабақ)
Борибаева Айжан Сауытбековна
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
«Данашым» физика-математика мектебі
Алматы қаласы
Қазақ тілі Сынып: 6 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстанның көрікті жерлері |
|
|
Оқу мақсаттары |
6.1. 4.1. мәтіннің құрылымдық ерекшелігіе назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. 6.4. 1.1. тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу. |
||
Сабақ мақсаты |
- Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін аңғарып, жетекші сұрақ арқылы негізгі мәселені анықтайды - Күрделі сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуды меңгереді. |
||
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: қорықтар, біріккен сөздер |
||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Неліктен қорықтарды дамыту маңызды деп ойлайсың? |
|||
Құндылықтарға баулу |
Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғат байлығын қадірлеуге баулу |
||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, тарих |
||
Алдыңғы оқу |
Бірге жазылатын сөздердің емлесі
|
||
Жоспар |
|||
Уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
ҚБ |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
|||
2 мин |
Ұжымдық жұмыс: Топқа бөлу: "Ақсу - Жабағалы", "Алтынемел", "Алакөл" деген сөздер жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді |
Қима қағаздар |
Қима қағаздар |
5 мин |
«Миға шабуыл» әдісі бойыншатақырыпты түсіну деңгейін арттыру және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушыларға ойтүрткі сұрақтар қоямын. Оқылым алды: Сұрақтар:
|
Мұғалім- нің бағалауы |
|
Сабақ ортасы |
|||
8 мин |
Оқылым барысы: Топтық жұмыс: Әр топқа топ атауларымен байланысты мәтін таратып беру. Топта оқып талдайды. Бағалау критерийі: Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды Дескриптор: - Мәтінді түсініп оқиды. - Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. - Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, постер жасайды -Нәтижелерін жариялай- ды.
|
"Басмармақ" әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Неліктен тамаша... Не ұнамады... Не орташа болды...
|
Қосымша мәліметтер, А3 парағы, маркерлер
|
8 мин |
Оқылымнан кейін: Бағалау критерийі:Берілген тапсырмадағы сөздерді орфографиясы бойынша жазады. Жұптық жұмыс: «Т кестесі» әдісі бойынша Дескриптор: -Берілген сөздерді орфографиясы бойынша жазады. |
«Келісемін, келіспеймін» әдісі Бір-бірінің жұмыс нәтижесін бағалайды. Неліктен келісемін, себебі....., Келіспеймін, себебі.... |
Кеспелер |
Сабақтың соңы |
|||
10 мин |
Бағалау критерийі: Жарнама құрылымын сақтайды. Топтық жұмыс: . Топ атауларына байланысты жарнама жасайды. Дескриптор: -Жарнама құрылымын сақтап ойларын жүйелі жазады; Критерийі: -Тақырыптың ашылуы -Жарнаманың тартымды болуы -Сөздердің тақырыпқа сай таңдалуы
Рефлексия: «Бағдаршам» әдісін қолдану
|
"Смайлик арқылы" бағалау
Жасыл» -бәрі түсінікті «Сары»- тақырыпты әлі де меңгеруім қажет «Қызыл» - маған түсініксіз |
|
5 мин Үйге: |
«Табиғатты аялайық» эссе жазу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|