Ойын арқылы таным үрдістерін, қол машықтарын дамыту

 Ойын арқылы таным үрдістерін, қол машықтарын дамыту

Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын молайту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Айналадағы әлемді ойын, еңбек,серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен,құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған балаларды ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап,баланың мінез-құлқын,сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі,қабылдауы,ес,ойлау,сөйлеу,зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып,дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек

Ойын дегеніміз &ndash жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін , ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты,ұқыптылықты,ізденімпаздылықты,іскерлікті,дүниетаным өрісінің көлемділігінің ,көп білуді,сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық,тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану-үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ,содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі,бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып,оны шапшаңдыққа,дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймаймыз,оның ақыл-ойының толысуына , жан дүниенің қалыптасуына, есейіп есуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятып,танымдық қасиеттерін дамытады.

Таным &ndash білім алу және дамыту үрдісі , үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын,нәтижесінде,жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Таным ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін

анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үдеріс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным- заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін,жағдайын меңгеру болып табылады. Педагогикалық сөздікте таным &ndashәлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда,қоршаған ортаны,айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады.

Ойынның маңызы:

1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы, артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, балалардың білімінің сапасын

арттыруда, оқу іс-әрекетін қызықты өткізуге, тәрбиеші үшін тиімді.

3. Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді

Тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін,қиялын,қабылдау қабілетін, зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде төмендегі ойындар топтамасын ұсынып отырмын.

1) Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әртүрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? -деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жұмабекова Г. Баланың шығармашылығын ойын арқылы дамыту//Отбасы және балабақша .- 2003. -№8. &ndash 28 б.

2. Нысанбаев Ә., Есім Ғ., Изотов М., Жүкешев К. Қоғамдық білім негіздері : Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. &ndash Алматы: «Мектеп» баспасы,2006.

3. Ембергенова Ә.С Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар. http://bilim.idhost.kz/

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

ТОО «Лада» балабақшасы

Арапбаева Назерке Еркінбекқызы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста