Білім ұлттық құндылықпен ұштастырылды

Білім ұлттық құндылықпен ұштастырылды

 Жақында Қарағанды қаласында «ZIATKERLIK MODERNIZASIA-21» жобасы аясында  Ә. Ермеков атындағы мектепт-лицейінде «Бастауыш сыныптарында білім беру әдістемесіндегі ұлттық құндылықтың маңыздылығы» тақырыбындағы қалалық семинар өтті. Семинардың шымылдығын мектеп-лицейдің директоры Ж. Берлибеков ашты. Білім ордасының басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі.

  Ұлттық тәрбиені ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат еткен іс-шараға мектептің ұлағатты ұстаздары атсалысты. Бастауыш сыныптың оқушылары түгелдей қамтылып, құнды біліммен сусындады.

 

Семинардың  мақсаты - қазіргі білім беру жүйесінде  жаңа заманның әдістерін қолдана отырып, өмірге икемді тұлғаны қалыптастыру және ұлттық тәрбиені оқушының бойына сіңіру. Жобаға қатысқан әрбір мұғалім өз іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізді. 

 Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейде  өткен семинарға қалалық білім бөлімі әдістеме кабинетінің меңгерушісі Т.Р. Байжігітова,  Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері У.Исатева және қаланың  басқа да білім ордаларының  мұғалімдері қатысты. Семинарға  келген қонақтарға 4 ашық сабақ пен 3 шеберлік сынып көрсетілді. Іс-шара барысында ұстаздар  заманауи әдістерді қолдану арқылы бастауыш сыныптан бастап өмірге икемді тұлғаны қалыптастыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Ұлағатты әкелер» кеңесі жұмысы аясында ата-анамен жұмыс барысы да көрсетілді.

 Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Ысқақова «Зат есім» тақырыбы бойынша 2 «Б» сыныбына ашық сабақ өтіп, ұлттық құндылықтар негізінде балаларға сөз табының ерекшелігін түсіндіріп берді.

 

Математика пәнінің мұғалімі Г. Ысқақова «Шамалар арасындағы тәуелділік» тақырыбында 2 «В»  сыныбына ашық сабақ өтіп, ерекше әдістер арқылы ұлттық құндылықтар мен есеп сабағын ұштастыра білді.

 

 

 Сондай-ақ жаратылыстану пәні бойынша 3 «Ә» сыныбында «Табиғат физикасы. Күш және қозғалыс» тақырыбында А. Иманқұлва, ал әдебиеттік оқу пәні бойынша  3 «В» сыныбында «Құрманғазы. Ахмет Жұбанов» тақырыбы бойынша Б. Әбдіғалимова ашық сабақтарды жаңаша әдістерді пайдалана отырып өтті.

Ал сыныптан тыс шеберлік сабақтарын Т. Аралбай, Г.Әбуова, Р. Аринова және А Айқынбаева өткізді. Ата-анамен жұмыс сағатын А. Бөлегенова мен М. Өмірбаева «Әкелер, сендер ғана лайықсың Хан сарайы патша тағына» дегн тақырыпта өткізді.

Семинардан қала мұғалімдері өздеріне рухани жаңалық пен дәстүр жалғастығы туралы көп мәліметтер алды. Шара өз мәнінде мазмұнды да тартымды өтті. Іс-шараға үлес қосқан ұстаздарға шығармашылық өрлеу, еңбектеріне табыс және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосып жатқан істеріне береке мен бірлік тілейміз!

 А. Асқарбаева

Ә. Ермеков атындағы

Мектеп-лицейі директорының оқу ісі орынбасары

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста