Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру

Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.

Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады.

Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың

түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.

Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс. Д.Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы &ndash формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Балалар: Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда тұрып жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? &ndash деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік береді. Баланың қоршаған өмірге қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты бақылауын күшейтеді, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Осындай іс-әрекет барысында қызығу өз-өзінен дамиды және баланың ақыл-ойы дамуына әсер етеді. Қызығудың тағы бір ерекшілігі, оның әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттің жақсы нәтижесі ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның сипаты тұтастай өзгереді: белсенді, дербес жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т.б.

Танымдық белсенділік білімді меңгерудегі қызығушылықпен қатар жүреді.Оқу міндеттелмеу керек. Оқу - қызығушылықпен қатар оқушының таным қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі. Дүниетану пәнінің пән ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде көп мүмкіндіктері бар. Оқушылар тірі және өлі табиғат және олардың өзгерістері , қоғам туралы қарапайым түсініктер алады. Оқушылардың қоршаған орта туралы білімі қалыптасады. Оқушылардың таным қызығушылығын дамыту мақсатында дүниетану сабақтарында пайдаланылатын әдістер : танымдық дидактикалық ойындар, табиғатқа таным жорықтар, бақылау күнделіктерін жүргізу,

проблемалық сұрақтарды шешу, тәжіирбе қою, зерттеушілік жобалар дайындау. Дидактикалық ойындар- оқытудағы танымдық мақсаттарды іске асырудың тиімді құралы. Ойын бала үшін өзін қоршаған орта туралы ақпарат көзі. Ойында баланың ой- әрекеті көрініс табады, бала бақылайды , салыстырады, белгілеріне қарай заттарды жіктейді, жадыны жаттықтырады, тапқырлықты дамытады. Оқу әрекеті «ойын» әрекетінен туындауы керек. Сондықтан да оқу кезінде ойын элементтеріне белгілі бір орын берілуі керек. В.А.Сухомлинский табиғаттың, ойынның, ертегілердің, ән-әуездің керемет дүниесі балалардың алдында есігін жаппауын ескерткен. Баланың мектепке дейінгі кезеңіндегі қажеттіліктерін мұғалім ескерген жағдайда ғана баланың оқуға, мектепке, сыныбына деген қызығушылығын дамыта алады. Сондықтан да танымдық ойындар баланың оқу әрекетінде оның дамуына ықпал етеді. Ойын арқылы баланың әрекеті белсене түседі, таным қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды, байқау қабілеті, зейіні дамиды , шаршамайды, ойы өседі. Ойын әдістерінің мазмұны баланың даму ерекшелігіне сәйкес және тақырып мазмұнына байланыста болуы маңызды. Оқыту барысында танымдық әрекеттер қызығушылықпен жүргенде ғана оқушылардың оқу әрекеті белсенді болмақ.Төменгі сынып оқушыларына тән ерекшелік - танымдық белсендік, әр нәрсеге қызығушылық таныту. Баланың танымы үнемі оны қоршаған дүниені білу мен өзінің дүние туралы көзқарасын қалыптастырумен қатар жүреді.

Асенова Динара Маратовна 

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы әкімдігінің

«М. Шаяхметова атындағы №23 орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар./ Қазақстан мектебі. &ndash2001&ndash № 2

2. Әлімов А. Орта мектептің 2-сыныбында интербелсенді әдістемені қолдану. &ndashАлматы &ndash2010

3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. &ldquoДүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998. 4. http://www.vestnik-kafu.info

5. Бітібаева Қ.,Құдайбергенова Г., Мұқашева М. Оқытудың инновациялық технологиясы. &ndash Өскемен, 2002.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста