«Әз Тәуке ауылының Наурыз мерекесі» атты тәрбие сабағының жоспары

«Әз Тәуке ауылының Наурыз мерекесі» атты тәрбие сабағының жоспары

«Әз Тәуке ауылының Наурыз мерекесі» атты тәрбие сабағының жоспары

Өскемен қаласы әкімдігінің
«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ

Сынып жетекшісі:
Камбасова М.М., Касакаева А.К., Биязбаева Д.О.


Наурыз мерекесі қарсаңындағы «Әз Тәуке ауылының Наурыз мерекесі» атты мерекелік шараның жоспары:
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты ақпараттарды беру.

Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, көктем мезгілінен хабар беретін безендірулер, т. б.

Жүргізушілер: Асқаров Нуралы мен Адебиетова Аружан

1-жүргізуші:
Армысыздар, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының, оның ішінде біздің халқымыздың сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. Сол наурыз мерекесі тойланғалы отырған – Тәуке ханның ауылына қош келдіңіздер!!!
2- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші:
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
2-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
1-жүргізуші:
Ендеше бүгінгі кешімізді, 5А сынып қыздарының «Наурыз-думан» әнімен бастайық!
Ән орындалады.
2-жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі - дей келе келесі кезекті
5А-1 сынып қыздарының «Аққу» биіне берейік.
Би орындалады.
1-жүргізуші:
Тәуке ханның ауылына келіп отырған қонақтарымызға айтарымыз, бүгін осы қасиетті шаңырақтың астына үш жүздің өкілдері келіп отыр. 5А сынып оқушылары –Төле бидің ауылын, 5А-1 сынып оқушылары-Қазбек бидің ауылын, 5А-2 сынып оқушылары – Әйтеке бидің ауылын таныстыруға келіпті. Аружан сен неге үш бидің ауылы осы шаңырақтың астында топтасып отыр білесің бе?

2 – жүргізуші
Әрине білемін. Әз Тәуке ұлан-ғайыр қазақ даласы мен жік-жікке бөлінген қазақ руларын даналығымен елді мойындатқан осы атақты билер арқылы басқарды емес пе! Солардың көмегімен «Жеті Жарғы» заңын да жасап шығарды.
1-жүргізуші
Ендеше, сол даналардың ақыл парасатының көрінісі болатын нөмірлердің біріне кезек берейік.
Төле бидің даналығына қатысты көрініс – 5А сынып оқушыларының орындауында.
2 –жүргізуші
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті 5А-2 сынып оқушыларының орындауындағы «Кесе сылдыры» атты биге берейік.
Би орындалады.
1-жүргізуші:
Аружан, осы біз неге, Тәуке ханның ауылына келіп отырмыз?
2- жүргізуші:
Нұралы, себебі, биылғы жыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл ғой! Сондықтан, осы ауылға мына отырған қонақтардың барлығы ат басын тіреп, келіп отыр ғой! Ортамызда отырған Әз Тәуекеден бата сұрайықшы!
1-жүргізуші Тәуке ханнан бата сұрайды.
Тәуке ханның батасы.
1-жүргізуші:
Ендігі кезекте, елін сүйіп, халқын мақтаныш ететін әрбіріңізге 5А-1 оқушыларының орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар!
Ән орындалады.
2-жүргізуші:
Қаз дауысты Қазбек би, даналығымен, көрегендігімен, шешендігімен тек қазақ халқын мойындатпаған. Оған дәлел...
1-жүргізуші:
Оған дәлел...5А-2 сынып оқушыларының келесі көріністері.
5А-сынып оқушыларының Қазбек бидің шешендігіне қатысты көріністері.
1-жүргізуші:
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
2- жүргізуші:
Қазақ халқы үнемі өзінің сыпайлылығымен, тәрбиелілігімен, қонақжайлылығымен, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсете алатындығымен ерекше. Тіпті ел билеген аға да үлкеннің айтқан ақылымен санасып, кішінің пікірін де ескеріп отырған. Кіші жүздің атақты биі –Әйтеке де Төле би мен Қазбек бидің ақылымен санасса да, қажет кезінде өзінің дұрыс төрелігін де айта алған екен. Ендігі кезекті, 5А-1 сынып оқушыларының көріністеріне берейік.
5А-2 сынып оқушылары Әйтеке бидің даналығына қатысты көріністерін көрсетеді.
1 – жүргізуші:
Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар өткен
Мейірімділік күлсін шығып!
2-жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық!!!
5А-2 сынып оқушыларының «Қара жорға» биін тамашалайық!!!
5А-2 сынып оқушыларының биі.
1-жүргізуші:
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
2 -жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Шашу шашылады.
1-жүргізуші:
Наурызда жаңа жыл басталады,
Естіледі көктемнің асқақ әні.
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,
Мына келген тәй-тәйлап жас баланы.
Наурызда жаңа жыл басталады.
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.

2-жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді 5А сынып ұлдарының орындауындағы «Қазақстан» әнімен аяқтағымыз келіп отыр. Өйткені, бүгінгі қазақ елі - сан ғасырлық тарихы мен өзгелер қызыға қарайтын бүгіні және сеніммен қарайтын болашағы бар ел! Олай болса, Наурыз мерекесі әрбір отбасына бақыт пен шаттық, береке мен бірлік ала келсін деп тілейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!
1-жүргізуші:
Бүгінгі кешімізге қонақ болған барлығыңызға үлкен алғысымызды айтамыз!!!
Ән «Қазақстан» орындалады.

Қосымша:
2-жүргізуші:
"Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер" деп аталарымыз айтпақшы, бата беру - адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Қазақ халқы батадан қуат алып, ізгі сөздерге қанығып, оның құдіретіне сенеді. Олай болса, ақ дастарханымызға келіп отырған, мектебіміздің директоры- Есім Тұрысбекұлынан бата сұрайық.
1-жүргізуші: бата сұрау рәсімін жасайды
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста