Абай оқулары Абай ескерткіші алдында
Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Алматы қаласының мәдениет жылы аясында қазақ халқының ұлы ақыны, ұлт ұстазы, адамзат баласына ортақ тұлға Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған дәстүрлі Абай оқуларын өткізеді.
Шара мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен рухани бірлікті нығайту, сонымен қатар отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне көпшілік ықыласын арттыру.
Абай оқуларына мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, студенттер мен оқушылар, Абай ұрпақтары қатысты. Шараға қатысушылар ҚР Мемлекеттік тіл саясаты туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды, Абай өлеңдерін оқыды.
Бауыржан Қарабеков, Ғалым Жайлыбай, Уәлихан Қалижан, Ұлықбек Есдәулетов, Әлібек Шегебай, Жәркен Бөдешұлы, Әмірхан Балқыбек, Серік Қапшықпайұлы, Жарас Сәрсек, Саят Қамшыгер, Ерлан Біләл, Баян Бекетова, Маралтай Райымбекұлы сынды ғалымдар мен ақын-жазушылар Абайдың әдеби-шығармашылық мұрасы туралы әңгімеледі.
Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Іс-шараны өткізуге атсалысып, белсенділік танытқан қатысушыларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар берілді.