Қауыннан құрт шығып жатыр

Қауыннан құрт шығып жатыр

Шымкентте сатылып жатқан қауыннан шіркей табылды. Жаз маусымында құрамында зиянкес жәндіктер бар бақша өнімдерін тұтынған тұрғындар қазір осылай дабыл қағып отыр.

Ең қорқыныштысы, мамандар ішіне көк шыбын енген қауын мен қарбыз Оңтүстіктің 8 бірдей, бау-бақша жемісін өсіретін барлық аудандардан тасымалданып жатқанын жасырмайды.

«Біз облыс бойынша химиялық тексеруді әзірге 8 ауданда ғана жүргіздік. 6026 гектар аумақты залалсыздандыру үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, оған «Кардинал» дәрісі сатып алынды. Қазір жұмыстың алғашқы кезеңі аяқталды, енді химиялық тазартуды 2 есе күшейтудің қажеттілігі туындап отыр», – дейді агроөндірістік кешені мемлекеттік инспекциясы ОҚО аумақтық бөлімінің басшысы Сәбит Бекбосынов.

Еске салайық, осыдан 5 жыл бұрын облыстың ауыл шаруашылығы саласының мамандары мұндай зиянкес жәндіктермен күреспек түгілі оның түр-тұлғасын да білмейтін. Қауынның құрамына «құмартқан» шыбын-шіркейлер бізге Қарақалпақстаннан тасымалданатын бақша өнімдерімен бірге жетіпті.

Мамандардың мәліметінше, бір ғана жәндік маусым ішінде 120 жұмыртқа тастайды. Пайда болған шыбындар өнімнің ішінде өсіп-жетіледі екен. Ал мұндай қауын-қарбыз адамға ғана емес, тіпті малға да үлкен қауіп тудырады. Улануға дейін әкеп соғуы мүмкін деп дабыл қағады сала өкілдері.

nur.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста