Жалаңаш қолымен қасқыр соққан қазақтың батыр қызы өмірден озды. 1976 жылы дүниеге келген батыл бойжеткен 1999 жылы 27 қараша күні Күнес ауданы Шақпы ауылында мал шетінде жүргенде кенеттен қойға қасқыр шабады. «Ма ашуы – жан ашуы» деген қазақ. Әудем уақыттан соң аш бөрі тамақтап жатқан қойды тастай салып, адамға шабады. Қолында сынық сүйем темірі жоқ қыз аш қасқырды қос құлақтан басып, азулы тісін денесіне дарытпай, тұмсығын жерге тұқыртып, алқымынан қысып, құлақ шекеден жұдырықпен ұрып ұлыманы жер қаптырады.
Ер жігітке бергісіз ерлік жасаған қыздың есімі Ділбәр Асылбекқызы. Күнес ауданы Нарат-Таясу ауылының тумасы. Ерлік ісі ел ішіне аңыз болып тараған қыз 27 желтоқсан күні өмірден озды. Марқұмның топырағы торқа болсын!
qamshy.kz