Студентті сүлікше соратын жемқор ЖОО-лар анықталады

Студентті сүлікше соратын жемқор ЖОО-лар анықталады

Жақын уақыттары еліміздегі "Ең парақор университет" деген атауға ие болатын жоғары оқу орындарының тізімі жарияланбақ. "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов "Нұр Отан" партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында осылай мәлім деген еді.
Жемқорлықпен күресті жетілдіре түсу мақсатында «Жастар қанаты» Қазақстандағы алпыстан астам жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы сауалнама жүргізген екен. Студенттер суалнамаға анонимді түрде жауап беріп, онда жемқорлық деңгейін анықтайтын сұрақтар да қамтылыпты. Тіпті оқытушылардың «ставкалары» туралы да сауалдар бар көрінеді."Жоғары оқу орындары аясында "Таза сессия" атты жобаны қолға алдық. 62 жоғары оқу орнынан 1200 студент сауалнамаға қатысты. Шара мүмкіндігінше бейресми тұрғыда өтті. Университет басшылығының араласпауын өз тарапымыздан қарастырдық. Соның негізінде студенттер арасында сессияны «ақшамен» тапсыру, сондай-ақ бір емтихан бағасы қанша тұратынын анықтадық", - деді "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов.
Сауалнамада анықталғанындай, жемқорлық атты жегі құрт студент өміріне де етене араласа бастапты. Айталық, ауылдан кеше келген су жаңа студенттер үшін жатақханадан орын алу - басты проблема. Әйтсе де оның оңай жолын парашылар ашып қойған. Сөйтіп, жатақханадағы орын үшін бейресми түрде 15 мың теңге берсеңіз, жатын орныңыз сайланып шыға келеді екен. Ал бір сессияны жабу үшін бір студент орта есеппен 30 мың теңгенің үстінде ақша жұмсайтын болса, бір сабақтан емтихан тапсыру ставкасы 5 мыңнан кем болмайды. Ер балалар үшін жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраны бітіру мәселесі де өзекті. Ал бұған қабылдау ақысыз, тек спорттық нормативтер тапсыру арқылы жүзеге асырылуы шарт. Алайда ақшалы студент оны да айналып өте алады, әскери кафедраға өту ставкасы орта есеппен - 500 мың теңге. Сосын дипломдық жұмыс - 60 мың теңге, курстық жұмыс - 30 мың теңге. Осылай да осылай, студент өмірінің ең өзекті мәселелерінің барлығына сыбайлас жемқорлық еніп кеткен. «Ақшаң болса қалтаңда, оқымай-ақ талтаңда» деп жүрген студенттер қатары да аз емес көрінеді. Ал «Жас отандықтар» сауалнама арқылы жастарымыздың жоғары оқу орындарына білім үшін емес, диплом үшін баратынына көз жеткіздік деп отыр. Сондықтан да партияның жастар қанаты енді еліміздегі кез келген оқу орнынан ашықтықты талап етуге барамыз деп бел буып отыр.
Мәселен, университетке тиесілі бір ғана жатақханада 300 орын болса, оны кімдер иленді, онда тұратындар осыған мұқтаж адам ба деген мәселенің де қатаң ескерілуін талап етпек. Сосын белсенді топ жақын күндері студенттерді сүлікше сорған университеттердің тізімін де жұртшылыққа жария етпекші.
Нұрлан Сыдықов, "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы:
– Жақын уақыттары "Ең парақор" деген университет пен олар орналасқан өңірлер тізімін жариялайтын боламыз. Сауалнама жүргізу кезінде еліміздегі 30 мемлекеттік және ұлттық университтер мен жекеменшік білім ордаларын да қамтыған едік. Бұлардың ішінде Назарбаев университеті жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста