Бір жыныстылар суррогат ана іздеп жер бетін шарлап жүр

Бір жыныстылар суррогат ана іздеп жер бетін шарлап жүр

«Аты шықпаса жер өртеуден» танбайтын АҚШ келер жылы елдің барлық өңірлерінде бір жыныстыларды некелестіруді заңмен бекітуі мүмкін.
Осындай мәлімдеме жасаған АҚШ-тың Жоғарғы сотының судьясы Бейдер Гинзбургтің өзі бір жыныстыларды қолдайтындардың бірі. «Қазір Жоғарғы соттың шешімін күтіп отырмыз. Көпшіліктің ұсынысын кейінге қалдырып келген Жоғарғы сот осы жолы қанағаттанарлық үкім шығаратынына сенімдіміз» дейді ол.
Жалпы, бір жыныстылар төңірегіндегі пікірталас қай елде өткір. Қалай дегенде де, еркек пен еркетің, әйел мен әйелдің үйленуіне рұқсат беріп жатқан елдер қатары жылдан-жылға артып келеді. Соңғы мәлімет бойынша, заңмен рұқсат берген елдер саны 20-ға жуықтап қалды. Ал әлемде 250-ден астам ел бар. Бір жыныстыларымен танымал ел - АҚШ десек, 2000-2010 жылдар аралығында мұндай жұптар 80,4 пайызға артқан.
Айтпақшы, келер жылы аталған елде бір жынысты отбасылардың саны ресми түрде жарияланбақ. Өздерінше зерттеу жүргізген сарапшылардың есебі бойынша олардың саны бүгінгі күні 180 000-дай. Ал санақ бюросы мұндай деректі жинауға 24 жыл (!) уақытын сарп еткен көрінеді.
Біздің елдегі жағдайды айта кетсек, Қазақстанда бір жынысты адамдардың некесіне заң жүзінде тыйым салынды. Бұл «Неке және отбасы туралы» Кодексте тайға таңба басқандай жазылған. АХАЖ бөлімдері таратқан мәліметке қарағанда, мұндай өтініш білдіргендер біздің елде бірен-саран.
«Осындай некеге рұқсат беруге мүдделі болып отырған елдер бұдан не ұтады?» деген ой туындайды. Оның себебі қаржыда жатыр екен. АҚШ-тың Нью-Йорк штаты аталған некелер есебінен жылына 100 миллион доллар қаржы тапса керек. Ал Колифорнияның бір жынысты некелерден көріп отырған табысы 250 миллионнан астам. Нақтырақ айтқанда, той индустриясы, салық, т.т. Сонымен қатар, бейне жазбалар, сайттар, журнал, кітаптар. Бұған қосымша айтсақ, бұл елдің порноиндустриядан тауып отырған табысы жылына 1 трлн. долларды құрайтын көрінеді.
Бұл - әңгімеміздің кіріспесі. Енді сөз төркініне келсек, бір жыныстылардың көбеюіне байланысты алдағы уақыттарда суррогаттық та қатты дамитын болады. Қазірдің өзінде суррогат әйел көмегіне жүгініп жатқан мұндай жұптар жиі тіркелуде. Айта кетейік, бір жынысты одаққа рұқсат берген елдер саны көптеп саналғанмен, керісінше суррогаттыққа олар тыйым салған. Сол себепті де, қолтықтасқан еркек пен әйел мен әйелдер ел кезіп, жер аралап суррогат әйел іздеуге мәжбүр.
Жалпы, суррогаттық жағынан алдыңғы қатарда тұрғандар - Үндістан мен Тайланд. Екі елге балаға зәрулер әлемнің түпкір-түпкірінен ағылып жатыр. Солардың ішінде гомосексуалдар мен лесбиянкалар да жетерлік. Алайда Үндістан өткен жылы бір жыныстыларға қызмет көрсетуге тыйым салды. Енді Тайландта да заңды қайта қарамақшы, сөйтіп олар бір жыныстылар тек заңды некеде тұрса ғана баланы елден әкете алады. Ал суррогат әйелдің көмегімен баланың туылуын күтіп жүрген шетелдіктер бұл елде аз емес. Әзірге олар БАҚ-тар арқылы наразылықтарын білдіруден аса алмай отыр.
Реті келгенде айта кетейік, АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетінің ғалымдары бір жынысты 3000-дай отбасыларын зерттеген екен, олар тәрбиелеп отырған балалардың денсаулықтары мен психологиялық қал-жағдайлары мүшкіл болып шыққан. Жүйкелері сыр берген, тері ауруларына көп шалдығады және олар да өскенде бір жынысты некені таңдайтындықтарын айтқан. Мұндай қорытынды, әлбетте, мамандарды қатты аладатып отыр. Алайда ешкім оларға «бала асырамайсыңдар» деп тағы айта алмайды. Заң бар.
Бюджет үшін несібесі орасан бұл некені қолдайтындардың суррогаттыққа да рұқсат бергендері жөн бе дейміз. Сонда нақты бір бақылау болар еді. Өйткені, уақыт өте келе бала іздеп сабылатындардың белең алатыны белгілі. Бұл - жер бетін мекендеген халықтардың қаны араласып кетеді деген сөз. Ал әр ел «өз қотырын өзі қасыса», әйтеуір ғаламшарды мутацияға айналып кетуден сақтап қаламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста