Ел арасында "мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар ауруханаға түсті

Ел арасында "мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар ауруханаға түсті

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында ел арасында "мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар ауруханаға түсті. Алшын Меңдатұлы атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары косметикалық бұйымды дүкеннен сатып алып, сабақ үстінде кезекпен сепкен көрінеді.

Иіс суды кеше дүкеннен ағасы сатып әперіпті. Иіс судың жағымды исі ұнаған соң, мектепке сеуіп барады. Сыныптағы бес құрбысы да қызықтап, қолданған. Бірақ көп уақыт өтпей жеткіншектер өздерін нашар сезіне бастайды. Денелері тартылып, әлсіздіктен бастары айналады. Артынша бірден алты қыз ауруханаға түседі.

ГҮЛІМАЙ ДҮЙСЕН, Оқушы:
- Мен сеуіп келдім. Сосын қыздар септі. Мен оның қауіпті екенін білген жоқпын. Маған ештеңе болған жоқ. Қалған қыздар шетінен әлсіреп бастады.

ЖАНЕРКЕ АХМЕТҚЫЗЫ, Оқушы:
- Алғашқы ем қабылдағаннан кейін жағдайлары жақсарған оқушылар қазір сабақтарына барып жүр екен. Мұсылмандық косметикаларды сататын дүкен мешіт пен мектептің дәл қасында орналасқан. Белгісіз біреулер мұсылмандық иіс майлары мен иіссуларды тіпті тегін таратып та жүр дейді, - оқушылар.

ЖАНАР НҰРЛЫБАЕВА, Маңғыстау аудандық ауруханасының директоры:
- Осы жағдайдан кейін Маңғыстау аудандық білім бөлімі облыстағы барлық мектеп директорларына шұғыл тапсырма берген. Бұдан былай балаларға мектепке косметикалық бұйымдарды алып кіруге қатаң тыйым салынды.

ҚАЛЖАН ЕҢСЕГЕНОВА, А.Меңдалыұлы атындағы орта мектептің директоры:
- Ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге ескертіп түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Заттарды алмауын айттық. Бұрын мұндай болмаған. Қазір балалар жақсы, сабақта жүр.

Иіссудың құрамын СЭС мамандары тексеріп жатыр. Сараптама қорытындысы үш күннен кейін дайын болады дейді. Ал жергілікті прокуратура өкілдері мұсылмандық бұйымдар сатылатын дүкен қожайының жауапқа тартатынын мәлімдеді.

Жәмила Қибасова, Берікбол Төлекбай 

31.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста