Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің темірқазығы

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің темірқазығы

Қай елде өмір сүрсең, сол елдің тілін білуге, құрметтеуге міндеттісің. Бұл әрбір азаматқа қатысты талап. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының тілдерін дамытуда көрсетілген үш негізгі мақсаттағы стратегиясының бірі – «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту» деп нақты атап көрсетілген. Бұл мемлекеттік талап та өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр. Өзін осы елдің перзентімін деп ойлайтын адам туған елі мен өскен өлкесінің тарихы мен мәдениетін, жергілікті ұлттың тілін білгені жөн. Бұл оның азаматтық тұлғасын айқындайды.
Мемлекеттік тілді ел бірлігінің факторы деуге болады. Ал фактор деген сөздің мағынасы терең. Бір мағынасы ретінде ықпал етуді немесе қозғаушы күш деген ұғымды білдіретінін атап өткен жөн. Бұл мемлекеттік тілдің ел өміріндегі орнын көрсету және бағыт сілтеу деп білген дұрыс болар. Мемлекетіміз тіл мәселесін ушықтырмай, байыпты саясатпен іске асыруда. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көргенділігімен жасалған қадамдардың әрдайым нәтижелі болғанын көзіміз көрді. Оның басты нәтижесі деп ұлтаралық татулық қазақ елінің басты мұраттарының бірі болғанын айтсақ та жеткілікті. Еліміздегі өзге ұлттың әрбір азаматы тіл мәселесінде ешқашан қысым көрген емес. Сондықтан өзге ұлттың өкілдері де осы елдің мемлекеттік тілін меңгеруге күш салуы керек екенін жете түсіне бастаған сияқты. Олар мемлекеттік тіл ұлттарды біріктірудің құралы екенін ұғынды. Мемлекеттік тілді білмей тұрып, осы елдің азаматымын деу мүмкін емес екенін саналы жанның білері анық. Тілдері үйлеспеген жандардың танымы мен түсінігі, пайымы мен парасаты, дүниені қабылдауы да үйлеспейді, басқаша болады. Ал түсінік басқа болған жағдайда ел бірлігіне сызат түсуі мүмкін. Сондықтан тіл мәселесінің тамыры тым тереңде екенін барша қазақстандықтар жете түсініп алса. Үлкен-кіші, жас-кәрінің барлығы қолға алмайынша мемлекеттік тілді меңгеріп кету мүмкін емес. Бүгінгі таңда тіл білу адамның өзінің игілігі, яғни тіл білсең қадамың оңға басады.
Елімізде осы бағытта іргелі істер атқарылғаның тілге тиек еткен кезде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін, айтқан сөздерін атамай өту мүмкін емес. Сондықтан Елбасымыздың халыққа жолдаған кезекті жолдауына тағы бір көз жүгіртіп көрейікші. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында: «Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін бәрін де жасап жатырмыз» – деп атап өткен болатын. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасына арқау болған ұстаным осы болды деуге негіз бар. Нақты айтар болсақ, мемлекеттік тілді қолдану аясы күн санап кеңейіп келеді. Қазіргі жағдай осыдан он, жиырма жыл бұрынғы жағдаймен тіпті салыстыруға келмейді. Бүгінде көптеген салада тілді еркін қолданатын болдық және оның ауқымы зорайып келеді. Осылай сатылап, байыппен дамыта берсек, мемлекеттік тіл барлық салаға түбегейлі еніп, ел өмірінде төрден орын алатыны айқын.
Осы ретте мемлекеттік тілді меңгеру мәселесіне тоқталсақ. Ел бірлігі тілде дейтін болсақ мемлекеттік тілді білген өзге ұлттың өкілі қазақ елінің барлық дәстүріне сый құрметпен қарайтыны белгілі. Жақында ғана елімізде Ұлттық домбыра күні мерекесі екінші рет аталып өтті. Осы мерекеде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы биылда ұйымдастырылды. Меркеде елордамыздағы Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері мен Аналар кеңесі және этномәдени бірлестіктер перзентханаларға барып мереке күнні өмірге келген сәбилерге ҚХА және елорданың логотипі бейнеленген домбыраны естелік ретінде табыстады. Міне бұл ел бірлігінің нышаны. Ал елдің тұтастығы тілге құрметтен басталып, осындай игі істерге ұласа беретінін жоғарыда айтып өттік. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Жазығы лагерьлерде мемлекеттік тілді үйрнеп жатқан жеткіншектерді және түрлі байқауларда мемлекеттік тілде сайысқа түсіп жатқан өзге ұлт өкілдерін кейінгі кезде жиі көреміз. Тіл үйрену курстарынан бөлек, өз бетінше үйренем деушілерге арнайы онлайн сабақтар интернетте жеткілікті. Тілдік орта іздесен бірден табылатынын және бар. Сондықтан барлық мүмкіндік жасалған деп сенімді түрде айта аламыз.
Өзге ұлттың өкілі болса да қазақтың мақтанышы болып кеткен тұлғалар қаншама. Атап айтар болсақ Нәдір Нәдіров, Асылы Осман, Надежда Лушникова деп аға буынан бастап Ислам Байрамуков, Марина Вольнова, Ирина Тен,Александр Зайчиков, Халил Маслов, Ольга Спирина, Майя Веронская, Игорь Сахар, Оксана Лоскутова, Оксана Петерс, Әлішер Каримов деп бұл тізімді ұзын-сонар жалғастыра беруге болады. Олар әр салада жемісті еңбек етіп етіп, биік белестерді бағындырып келеді.
Бұдан бөлек жас жеткіншектер арасында қазақ тілін өз тіліндей білетін балалар да баршылық. Оған батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» деген атпен былтыр өткен байқауда анық көз жеткіздік. Ол кезде қойылған талап «Алпамыс батыр» жырын жатқа айту болған еді. Сонда бір Алматы қаласынан елуден астам өзге ұлт өкілінің балалары додаға қатысып бақ сынады. Солардың бірі Алматы қаласындағы №187 мектептің оқушысы Михаил Шух болатын. Ол сайысқа түсіп «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқып, өнерімен көрерменді қуантты. Жалынды жас өскін жайында біз сайтымызда сол кезде кеңінен тоқталып жаздық. Жыр айту жарысында көзге түскен ұлты өзге балалар жайлы деректер республикалық барлық басылымдардың беттерінде үздіксіз жарияланып жатты. Осыған қарап тұрып болашақта Қазақстанда мемлекеттік тілді білмейтін тұрғын қалмайтынына көз жеткізгендей әсерде болдық. Ал батырлар жырын жатқа білетін адам, тіліміздің бай мұрасымен танысып, мәйегі мен уызынан қанып ішері белгілі. Тіліміздің мол қазынасы осы батырлар жырында сақталған. Қазыналы тілміздің тұңығынан қанып ішкен кез келген жан бай тілімізге өмір бойы ғашық болып өтері анық. Сонда осыншама бай тілдің иесі болған халықтың да құдіретін, қасиетін сезіне түседі. Халқымыздың барлық дәстүрі, салты, болмыс бітімі, тарихы, аңызы, шежіресі, табиғаты осы батырлар жырында сақталып қалған. Осының бәрін көру, оқу, түсіну, сезіну ұлтқа деген, отанға деген сүйіспеншілікті оятады. Міне бұл елбасы жолдауында айтылған ойдың нақты дәлелі. Биылда осы игі дәстүр жалғасын тауып «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айту талабы бойынша байқау жарияланып, жыл бойы жалғасып жатыр. Жобаға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Хабар» Агенттігі қолдау көрсетіп, Қазақстанның барлық аймағында іріктеу сындары өтуде. Оның қорытындысы жылдын соңында жарияланады. Осы айтулы іс-шара барысында да өзге ұлттың көптеген өкілдерін кездестіреріміз анық.
Бұның бәрі еліміздегі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған істердің жемісі, жетістігі екені даусыз.
Сөзімізді Тұңғыш президентіміздің мына сөзімен түйіндесек дұрыс болар. «…Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар – өз функцияларыңды қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін мемлекеттік тілді үйрену керек» – деп нығырлап айтып өткен болатын Елбасымыз. Шынымен де, басты мәселе ұмтылыста екен. Ұмтылыс болса бәрі болады. Материалдық-техникалық базаны жасау осы ұмтылыстың арқасында іске асады. Адам мен адамды, ел мен елді, тұлға мен мемлекетті бір-біріне жалғайтын осы тіл. Оның коммуникативтік рөлін солай түсінген дұрыс. Тіл – құрал, ал коммуникация дегеніміз байланыс. Яғни, тілдің байланыс құралы ретіндегі міндеті де, қызметі де маңызды. Оны тек ұтымды қолдану керек. Сонда мемлекеттің іргесі нығайып, елдің ынтымағы арта берері анық. Өйткені мемлекеттік тіл – ел бірлігінің темірқазығы.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста