Тәуелсіздік дегеніміз ең алдымен ақша екен

Тәуелсіздік дегеніміз ең алдымен ақша екен

МЫЛҚАУ БОЛСА ДА БАЙ БАЛАСЫ СӨЙЛЕСІН...
Пәлі, мен тағы бір жаңалық аштым. Ертеде, тәуелсіздік алмай тұрғанда, тәуелсіздік - ең алдымен қазақ тіліне байланысты деп ойлаушы едік. Сөйтсек, қазақ тіліне тәуелсіз болып та тәуелсіз өмір сүруге болатынын көріп отырмыз. Бүгінгі күннің шындығы осы ғой. Ал, менің жаңалығымның мәні неде дерсіз? Сонда: тәуелсіздік дегеніміз ең алдымен ақша екен. Ақшаң көп болса, тәуелсіздікке де тәуелсізсің. Аяғыңды алшаң-алшаң басып, аспанға шырт түкіріп қойып, ішкенің - алдыңда, ішпегенің - артыңда, кеткің келсе - кетіп қаласың, келгің келсе - келесің, Абай атам айтпақшы семізді байлап, сұлуды жайлап, қу құлқынның қамымен тірлік кешесің. Барлық мәселені ақшамен шеше саласың. Қарын мен құлқынға ғана тәуелдісің. Ол, бірақ, өз меншігің ғой. Мылқау болса да байдың ұлы сөйлесін. Ал, сіздер, қалтада көк тиын жоқ, тәуелсіздік, тәуелсіздік деп шырылдайсыздар келіп. Ақшасы жоқ адам тәуелсіз бола алмайды екен. Бәсе, неге бұлардың есі-дерті ақша деймін ғой. Сөйтсеееем, тәуелсіздікке ұмтылады екен. Міне, парадокс, міне қайшылық керек болса. Келісесіз бе?

Серік Жанболат.

Facebook-тегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста