Түлкібастық диқандар мақсары өсіруде жоғары өнімге қол жеткізді

Түлкібастық диқандар мақсары өсіруде жоғары өнімге қол жеткізді

Түлкібас ауданында егілген 11400 гектар мақсары дақылы бар, оның бүгінге дейін 5600 гектары орылып, орындалуы 48 пайызды құрап отыр. Биылғы ауа райының біршама жауын-шашынды болуына байланысты дақылдар бітік шығып, әр гектарға шаққанда түсім 9,2 центнерге айналды. Егіннен қамбаға 5160 тонна өнім алынды.


Егінді орып алысымен жер жырту жұмыстары жалғасып, қазір аудан бойынша 3 500 гектар жер жыртылды. Мақсары жинау, жер жырту жұмыстарын “Қызыл Жар” ЖШС-і, Балықшы ауыл округіндегі “Нұртай Ата” шаруа қожалығы, Азаттық ауылындағы “Мақұлбек” ЖШС-і осы салаларда нәтижелі еңбек етіп, жоғары өнімге қол жеткізді. Осы іріленген шаруашылықтар басқа шаруа қожалықтарға үлгі болып, шаруа жұмысының тиімді тұстарын көрсетіп келеді. “Ұйымдасқан ұтады” деген қағиданы ұстанған осы шаруашылықтардың ұтымды істеріне сүйсінесің.
Мақсары – күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, майлы дақыл болып табылады. Сабағы тік, бұтақты келіп, түксіз, биіктігі 90 см-ге дейін өседі. Ал, жапырақтары сопақша, шеттері тікенектеу болады. Гүл шоғыры – себет, бір өсімдікте 5–6-дан 30–50-ге дейін себет болады. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. 1000 ұрығының салмағы 20–50 грамды құрайды. Мақсары жылу сүйгіш, шөлге өте төзімді болып келеді. Өсу мерзімі 90–150 күн аралығын құрайды. Айқас тозаңданады (жәндіктер және жер арқылы) және өздігінен тозаңдануы да мүмкін. Топырақ талғамайды. Егер кезде 1 гектарға 6–10 кг тұқымды 5–6 см тереңдікте, жүйек аралығын 45–60 см етіп себеді. Топырағы құнарлы, жауын-шашынның суына қанған мақсарыдан әр гектарына 7 ц-ге дейін өнім алуға болады. Оның тұқымынан 25–35%, дәнінен 46–60% май, ал гүлінен бояу алынады. Ал, одан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін де қолданылады. Күнжарасы – таптырмас құнарлы, мал азығы ретінде пайдаланылады. 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Одан бөлек ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Мақсары сүрлемге қосылады және тұқымы құстарға жақсы азық. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен мақсарыны кейде бидай, арпа егілген егістік алқапқа мал түспес үшін айналдыра 10 — 15 м жерге егіп отырады. Облыста Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам, Төле би аудандарында молынан өсіріледі.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста