Ордабасы – озат аудан

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Ежелден жерді тиімді игеруді меңгерген Ордабасы ауданы еңбек өнімділігі жөнінен де алда келеді. Өткен жылдың бес айында ауылшаруашылығы саласында 6 млрд 353 млн 900 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,2 пайызды құраған. Оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 662 млн 100 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құраған. Жалпы статистикаға қарап отырып, жыл өткен сайын аудан көрсеткішінің жоғарылап, еңбек өнімділігінің артып келе жатқаны байқалады.

Ал биылғы жылдың 6 айында ауыл шаруашылық саласында 9 млрд 366 млн. 700 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың тиісте кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады. 2016 жылдың 6 айында алдыңғы жылмен салыстырғанда мал шаруашылығында өсім 3,1 пайызды құраған. Осындай ерен еңбектің арқасында ауданда қалыптасқан еңбек ардагерлері де жетерлік. Бүгінде ауданымызда ауыл шаруашылығында көп жылдар еңбек етіп, еңбегі сіңген ардагерлері Керимбеков Мырзабек, Патсабеков Жасұзақ, Дүйсенбаев Дәрбіш, Махатаев Жүрсінәлі, Әділбек Тұрмахан, Қойланов Жарас, Мухамедов Махмудбек, Сатыбалды Құрбанбай, Тоқсанбаев Қалмаханбет, Жұмабайұлы Тлесбай, Молданазарұлы Қалмаханбет сынды еңбек ардагерлері әлі де болса білгендерімен бөлісіп, шаруа қожалықтары басшылары жол сілтеуде. Жыл сайын еңбек ардагерлеріне тиісті құрмет көрсетіліп, басқаларға үлгі тұтылуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста