Бай мен кедей арасындағы айырмашылық күннен-күнге ұлғаюда

Бай мен кедей арасындағы айырмашылық күннен-күнге ұлғаюда

Атлант мұхитының арғы жағы мен бергі жағындағы елдерде тұратын бай мен кедейлердің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Еуропалық орталық банк АҚШ-тың Федералды қорының кеңесімен мемлекеттік құнды қағаздарды күн санап көбейтіп жатыр. Оларды баяғыдай тек қалтасы қалың азаматтар ғана сатып алуда.
Ал тұрмысы нашар адамдардың жағдайы керісінше құрдымға кетіп барады. Еуропалық орталық банк басшысы Марио Драги америкалық әріптестерінің айтуымен еуроаймақтағы елдердің мемлекеттік облигацияларының сатылымын ұлғайтуда. Еуропадағы басты қаржылық құрылым мұндай қадамға экономикалық жағдайы нашар елдерге аяғынан тік тұруға дем беру үшін барып отыр. Алайда, аталған аймақтағы бай мен кедей қауымдарының арасындағы айырмашылық уақыт өткен сайын алшақтап баратындығын айтады сарапшылар. Оған әсер етіп жатқан басты нәрсе – құнды қағаздар қалталылардың ғана қолында. Шыны керек, экономистердің бұған келгенде пікірі сан алуан. Дегенмен, АҚШ-тың Федералды қорының басшысы Джанет Йеллен бай мен кедейдің арасы жер мен көктей болып кеткеніне алаңдаулы.

Джанет Йеллен, АҚШ Федералды қорының басшысы:
- Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық қазір ХІХ ғасырдан бергі ең жоғарғы шегіне жетті. Осы айырма төменде тұрғандардың экономикалық ресурстарға қол жеткізуіне тосқауыл қойып, теңсіздіктің өміршеңдігін арттыруда. Мен «Бұл үдеріс біздің ұлттық тарихымызға енгізілген құндылықтарға лайық па?», - деп сұраудың өзі өрескел деп ойлаймын.

Қауымның қақтай екіге бөліну мәселесі батыста осы жылы жарық көрген Томас Пикеттидің «ХХІ ғасырдағы капитал» атты кітабынан кейін қызу талқыға салына бастады. Автордың айтуынша, қазіргі капитализм – ауқаттылардың заманы. Олар байыған үстіне баюда. Бірақ оның кесірінен әлеуметтік теңсіздік өршіп, салдары экономикалық өсімге кері әсер етеді.

Томас Пикетти, Париж экономика мектебінің профессоры:
- Мен статистикалық мәліметтер негізінде айтқым келіп тұрғаны мынау: біздің бүкіл тарихымыздағы капитал теңсіздіктің тереңдеуіне негізделіп келген. Бұл тенденцияны түсіндіру оңай. Үнемі толығып жатқан байлықтың ғаламшардағы халықтың 1%-ының ғана қолына жинақталуда. Бұл өз кезегінде кірістің өсіп, шығыстың азаюына алып келеді. Қаржыға қатысты ең басты түйіткіл осында.

Мәселенің мән-жайын сандармен сараласақ. Мәселен, АҚШ – соңғы мәліметтер бойынша, қоғам арасында теңсіздік жайлаған әлемдегі Түркия мен Чилиден кейінгі үшінші ел. АҚШ-та етек алған проблеманың коэффициенті – 0,39. Ал еуроаймақта мұндай көрсеткіш бойынша қара тізімді бастап тұрған – Испания. Онда бұл коэффициент 0,34-ке жеткен. Оған бірнеше жайт себеп. Соңғы кездері жалпы халықтың жалақысы тым баяу өсуде. Жұмыссыз сабылғандар мен тұрғын үй бағасының қымбат болуынан жеке баспанасыз жүргендер қаншама. Оған қоса, жоғарғы білім алу үшін несие алып, оны өтей алмай жүрген америкалықтар мен еуропалықтардың қарасы көп


Қаракөз Тұрмағанбетқызы
www.24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста