Ресейдің Еуропа импортынан бас тартуы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ресейдің Еуропа импортынан бас тартуы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Кешелі бері Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы санкция салған Еуропа елдерінен азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға тыйым салатын жарлық шығарды. Аталмыш құжат бойынша, импортқа тыйым бір жыл мерзімге салынып отыр. Бұған қатысты Путин үкіметке тыйым салынуы тиіс тауарлардың тізімін жасауды тапсырды.
Жалпы, Мәскеу бұдан бұрын да Украина, Молдова және Еуропа Одағына мүше елдерден бірқатар тауарларды тасымалдауды шектеген болатын. Ал қазірде Ресейдің экономикалық даму вице-министрі Алексей Лихачев: тыйым салынуы тиіс тауарлардың тізімі ендігі дайын екенін, осыған орай Ресей АҚШ, Австралия, Норвегия және Еуропа Одағына мүше елдерден қайсыбір импорт түрін еліне енгізбейтінін мәлдімдеп отыр.
Сөйтіп, Ресей өзіне салынған санкцияларға жауап ретінде Еуропаға қарсы осылайша үн қатты. Ресейдің мұндай қадамының Қазақстанға әсері бар ма? Көршінің бұлайша Еуропа импортынан бас тартуы бізге қалай ықпал етеді? Алаш айнасы бүгін осы жайттарды талқылауды жөн көрді.
Қымбатшылық қыса түсе ме?
Жалпы, Ресейдің бұл қадамына байланысты отандық сарапшыларымыз «геосаясат салдарынан көрші елдер де мұның кері әсерін көреді. Сондықтан бұл бізге аса әсер етпейді деп бейқам отыруға тағы болмайды» дейді.
Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
- Украина мен Ресей шиеленісінің Кеден Одағы елдеріндегі ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасына кері әсер етіп отырғандығын маусым айында қарапайым халық бір ғана картоптың айналасындағы бағаның түзілуінен-ақ байқады. Білесіздер, маусым айы бұқараның есінде картоптың 250-280 теңгеге дейін қымбаттауымен, аракідік қайсыбір аймақтарда нан бағасының көтерулімен есін алғаны анық. Бұған қатысты айтар жайт, өткен жылы Ресей картоптан көп өнім ала алмады. Бірақ соған қарамастан мамыр айында олар бұл өнімді Украинадан тасымалдауға тыйым салды. Ал нарық өз дегенін істеді. Бұдан кейін Ресей бізден картопты көптеп сатып ала бастады. Қалғаны өздеріңізге белгілі. Біздегі ішкі нарықтағы картоптың бағасы осы уақытқа дейін болмаған бағада айрықша қымбаттады. Бұл бір ғана кортоптың айналасындағы әңгіме. Ал енді Ресей Украинаны қойып, АҚШ, Австралия, Норвегия елдерінен азық-түлік импорттауға тыйым салып отыр. Ресей қанша жерден бұл елдерден алатын азық-түлікті басқа елден аламыз, «Буштың сирағынан» бас тартып, Аргентина мен Бразиялиядан құс етін әкелеміз, соны тұтынамыз, Норвегияның көкөнісінен, жеміс жидегінен бас тартып, Түркия мен Әзірбайжаннан жеміс-жидек тасимыз, отандық өндірісшілерге мүмкіндік береміз, дегенімен, мұның бізге сөзсіз әсері болады. Одақ аясында бірлескен ел ретінде Ресей ендігі кезекте Қазақстаннан молынан тауар енгізуді сұрай бастайды. Біз одақтың мүшесі ретінде Ресейге қолұшын беруімізге тура келеді де, отандық тауарымыздың басым бөлігін Ресейге одақ белгілеген бағамен жіберуге мәжбүр боламыз. Әрине, бұл жерде Ресейдің бізден арзан тауар сатып алуға тырысатыны даусыз. Ал бұл біздің тауар шығаратын отандық кәсіпорындарға кері әсерін тигізбеуі үшін, тауарлары тек арзанға ғана өтіп кетпеудің қамын ойлап отандық кәсіпорындарымыз да өздері шығарған өнімдерінің нарықтағы бағасын қымбаттата түседі. Осылайша Ресей тым сұранысын көбейтсе, ішкі нарықтағы тауардың көлемі азайып, оның бағасының құны артып, қымбатшылық халықты қыса түседі деген қауіп те жоқ емес. Сондықтан бұл жерде қауіп жоқ деп бейқам отыруға болмайды. Ресейдің Украинамен қырғи қабақ болуы ТМД елдері бойынша жалпы интеграцияға ықпал етеді. Демек бұл арада Үкіметке салмақты ойлау мен сауатты шешімдер қажет.
Бір ғана ет өндірісі алқынайын деп тұр...
Абзалында, сарапшылардың пайымдауынша, Ресейдің Еуропа импортынан бас тартуының салқыны біздегі бір ғана ет импортына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бұл жерде бізге елге енетін ет импорты жайында таразыламауға тағы болмайды.
Жасұлан Мақсұтов, қаржыгер:
- Мысалы, өткен 2013 жылы Қазақстанға сырттан жеткізілетін ет көлемі 3,1 пайызға яғни 71,9 мың тоннаға артқан. Бізге еттің қай жақтан жеткізілетінін таратып айтсақ: АҚШ-тан – 40,7 мың тонна, Украинадан – 17,1 мың тонна, Польшадан – 3,5 тонна, Канада – 1,6 мың тонна, Бразилиядан – 1,3 мың тонна, Парагвайдан 1,3 мың тонна, Австралиядан – 1,1 мың тонна, Бельгиядан – 0,9 мың тонна ет елімізге жыл сайын енеді. Енді бұл арада назар салатын дүние - бізге АҚШ-тан келетін 40,7 мың тонна ет; Австралиядан келетін 1,1 мың тонна; Канададан 1,6 мың тонна ет Ресей арқылы өтеді. Ал бұл жерде өзінен-өзі шығатын қорытынды Ресей ендігі кезекте біздің сол сырттан әкелетін етімізге де жармасып, «біз етті сендер арқылы аламыз» деп шыға келуі де ғажап емес. Ең қызығы, ет өнімі турасында сөз еткенде біз өзіміздің ішкі нарықтағы тұтынушыларды толық қамти алмай отырып, Ресейге қазірдің өзінде ірі көлемде ет өнімін шығарамыз. Бұдан бйлай да Ресейдің ет және ет өнімдеріне деген сұранысы еселенсе, онда қолда барды тағы көршіге беріп отыруға тура келеді. Сондықтан бұл жерде ет өндірісінің де шама-шарқын бағып, осы ретте отандық өндірісшілерге мемлекеттік қолдауды арттырғанымыз абзал.
Әлем бас тартқан «буш сирағы» бізге таңсық
Ақиқатында «импортқа тәуелділік қай елді болсын ойлантуы тиіс» дейтін мамандар осы сәтті оңтайлы пайдаланып отандық өндіріске рең беруге болатынын да алға тартып отыр. Мысалы, импорттың күрт шектелуіне байланысты ішкі нарығын қамтамасыз ете алмай жатқандықтан ресейлік тауарлар біздің нарыққа көп жол тарта бермейді. Міне, осы арада отандық тауар өндірушілерге үлкен мүмкіндіктерді пайдалана алса, бұл тығырықтан бізге шығуға жол бар.
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Бір ғана мысал, 2013 жылы Қазақстан АҚШ-тың «буш сирағы» атанып кеткен құс етінің 117 мың тоннасын(!) импорттапты. Қазір бұл өнімнің сапасына қатысты әлемде үлкен күмән туындап отыр. Әлем бас тартқан бұл өнім бізге таңсық. Қашанғы қатып қалған «буш сирағын» тұтынамыз біз осы? Қай уақытқа дейін Ресейдің сапасыз консерві өнімін, сапасыз құрғақ сүтін пайдаланамыз немесе мухиттың арғы жағынан өнім тасимыз. Осыған орай айтарым, қазір Ресейге тұс-тұстан санкциялар салынып жатыр. Міне, осы сәтті Үкімет сауатты пайдалана білуі керек. Ескеретіні бұдан былай импорттың шектелуіне байланысты Ресей енді бізге өз тауарын аса көп жібере бермейтін болады. Осы тұста Үкімет отандық өндірісшілерге қолдау білдірсе біз де өзге елден қатып қалған құс етін, сапасыз тауарын, өзгенің қаңсыңын таси бермейтін едік. Сондықтан бұл санкциялар салқыны бізге тимесін десек, біз мынаны ескеруіміз керек. Қазір Ресейден инвесторлар қашып жатыр. Осы сәтті Қазақстан үкіметі пайдаланып қалса жөн болар еді. Ресейге қарағанда Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Біздің елде бүгінде инвесторлар он жылға дейін корпоративтік салықтан босатылып отыр. Елге ірі көлемді инвестиция салатындарға барынша жағдай жасалып отыр. Міне, нақ осыны пайдаланып отандық өндіріс орындарының жұмысын жолға қоюға күш жұмылдыру керек. Айдаладан құс етін тасымай, отандық құс фабрикаларының жұмысын жандандыру қажет. Етті сырттан тасымалдап, «енді Ресей сол сырттан келетін етімізді тартып алса қайтеміз» деп уайымға салыну тіптен ұят нәрсе. Модернизация деген терминді өте жақсы ойлап шығардық. Бірақ соны әрі қарай тереңдету жоқ. Осы жағын қолға алып кез келген ірілі-кішілі өндіріс орындарын жаңғыртуға күш салсақ, біз әлдеқашан еңсе тіктер едік. Мысалы, ірі мұнай өндіретін зауыттардың маңынан шағын жанар-жағармай шығаратын зауыттар ашу, астық сақтайтын орындардың қасынан, ұн тартатын диірмен орындарын ашу, мал бордақылайтын орындардан тері-жүн өңдейтін цехтар ашу қандай тиімді болар еді. Өкініштісі бізде осы жағына мән берілмей отыр. Біз өзгеден сұрамай, өзімізге дайын өнім өндіру қажеттігін ұғынуымыз керек. Олай етпесек, ұлттық экономика өрлемейді. Біздің атқарушы билік экономикада «қандайда бір ел өзінің ұлттық қауіпсіздігін сақтауы үшін өзіне қажетті тауарының 80 пайызын өзінде өндіруі тиіс» деген қағида барын жақсы біледі. Бірақ бұл қағиданы білгенімізбен, оны тәжірибе жүзінде іске асыруға барынша бейіл таныта бермейтініміз аса өкінішті.

Керек дерек:

Қазақстанның ТМД елдерінен импортының құрылымы, 2008 және 2013 жылдар.

Басқа әлем елдерінен импорт құрамы, 2008 және 2013 жылдар.

2013 жылы Қазақстан нарығына тауарды басты жеткізуші елдер: Ресей (мұнай, бензин, құбыр өнімдері және т.б.), оның үлесі Қазақстанның жалпы импортының 38 пайызын құрады; Қытай (электроника, вагондар, телефондық аппараттар және т.б.) – оның үлесі 17 пайызды құрады.
Бүгінде елде азық-түлік тауарлары мен мал және өсімдік өнімдерінің импорты ерекше топты құрап отыр. Қазақстан 2013 жылы тек қана азық-түлік импортына 4 млрд. АҚШ доллардан аса қаржы жұмсаған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан өзін тек 60 пайыз көлемде ғана өз ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етеді, қалған 40 пайызы импорттың үлесінде. Ал экономист-ғалымдарымыз бұл дерек керісінше түзілетінен, 35-40 пайыз өнімді ғана өзімізде өндіріп, керісінше, 60-70 пайызын сырттан таситынымызды алға тартып отыр...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста