Жаңа жылдық дастарқанға үнем керек пе?

Жаңа жылдық дастарқанға үнем керек пе?

Енді санаулы сағаттардан соң 2015 жыл Қой жылы табалдырығымыздан аттағалы тұр. Әрбір келіп жеткен Жаңа жылды елден қалыспай тойлау, астатөк дастарқан жасау, шырша тойын қыздыру қазақтың қанына сіңгелі қашан? Бүгінде жылына бiр рет қауышатын Жаңа жылды әркім өзіндік дәстүрімен ерекшеленіп қарсы алғысы келеді. Жайнаған дастархан, атылған аққайнар, тарту етер сыйлықтар, арнайы шақырылатын Аяз ата мен Қарша қыз осыбір кештің ажарын аша түспесе, кемітпесі анық. Жыл өткен сайын насихаты күшейіп, барша қауым әбігерге түсіп қарсы алатын биылғы Жаңа жылға дайындықты Алматы халқы ендігі бастап та кетті. Бұған біздің Жаңа жылдық дастарқан «бухгалтериясын» жасай жүріп көзіміз жетті.
...Сонымен, шаттығы мол мереке Жаңа жылды қарсы алу үшін жасалатын дастарқан мәзіріне қанша қаржы кетеді? Енді аз-кем осыған тоқталсақ... Мәселен, сіз Жаңа жыл кешіне ең алдымен тәтті тоқаштың бiрнеше түрiн әзiрлейсiз. Сонан соң қазақтың ұлттық тағамы — ет. Бұдан кейін дастарқанның көркін кіргізетін салаттың үш-төрт түрін міндетті түрде жасайсыз. Үстелді жайнату үшін жеміс-жидектің де бірнеше түрі қажет. Сусындар, арақ-шарап, аққайнар дегеніңіз тағы бар. Бұған тәтті кәмпиттер мен мерекелік кешке арналған тортты қосасыз. Ал енді есептеп көрелік... Біз еттің бір келісін 1300 теңгеден деп алдық. Оған қазы-қартаны қосамыз. Бүгінде ет базарында қазының келісі 2500 теңгеге шарықтап кеткен. Ал салатқа қажетті жұмыртқаның 1 данасы 18-20 теңге (бізге оншақты жұмыртқа қажет) жүгері-бұршақ 110-120 теңге, қызылша 90 теңге, шұжық 1 келiсi 750-800 теңге, iрiмшiк 600-900 теңге, пiсiрiлген тауық етi 600-700 теңгеден, тұздалған балық 200-400 теңге, көкөнiстен алма 150-200 теңге, мандарин 200-250 теңге, банан 1 данасы 40-50 теңге, ананас 500 теңге, қызанақ пен қияр 300-400 теңге, сусындарға келетiн болсақ, шырындар 120-300, iшiмдiктер 300-2000 теңге, бұған тағы әр келісі 700-800 теңгеден кем емес кәмпитті қосыңыз. Бұдан соң 2500-3000 теңгенің тортын қосасыз. Міне, орташа айлық табысы бар бір отбасы үшін Жаңа жылдық дастарқан мәзіріне осынша ас-ауқат керек. Есептеп кеп жіберсек, мұның барлығын алуға 40-50 мың теңгедей қаражат қажет. Бұдан әрісін байыптай беріңіз, мұны қалтаңыз көтере ме, әлде мерекелік дастарқанға үнем жасайсыз ба?
Жалпы, көптеген мамандар «Жаңа жылды шығыны мен шаттығы қоса жүретін мереке» деп есептейді. Тіптен қайсыбір сарапшылар «бір күндік мереке үшін шашылып, шығындалудың қажеті жоқ. Шамаға қарай көсіліп, мейлінше үнем жасауға тырысқан жөн» деседі. Бұл ретте тәуелсіз сарапшы Айдана Тілеукина:
- Менiң ойымша, қаласаң да, қаламасаң да кез келген мерекелiк дастарқан әдеттегiден артығырақ қаржы жаратуды қажет етедi. Өз отбасыңмен күнтiзбе бойынша жыл алмасқан күнi дастарқан басында жиналасың. Оның үстiне балалар тәттi тағамдар мен экзотикалық жемiс-жидектердi ұнатады. Қысқы соғым тағы бар. Қанша тырыссаң да шығындалатының анық. Бірақ үнем қай кезде болсын қажет. Меніңше, бұзылмайтын, сақтау мерзiмi ұзақ азық-түлiк пен күнделiктi тауарларды желтоқсан айының басында жаңажылдық «бум» басталмай тұрып алған абзал. Бұл да қалтаңыздағы қаржыны үнемдеуге сеп болады. «Жаңа жылды қалай қарсы алса, солай өтедi» дегендi ескерiп, бүгінде жұрт шамадан тыс шығындалып жатады. Өз басым мұны құптамаймын, - дейді.
Расымен де қазірде «Жаңа жылды қалай есіктен енгізсең, күнделікті тірлігің де солай өрбиді» дегенді желеу етіп, шығынға белшеден батып жататынымыз да жасырын емес. Ал қайсыбір тарап мұны қалыпты деп те санайды.

Қаперіңізде жүрсін: Астрологтар «биыл дастарқанда сұр және қызыл түстің көбірек болғаны жөн» деседі. Өрік, шие, құлпынай шырыны мерекелік дастарқанның негізгі сусыны болмақ. Банан, ананас, анар жеміс-жидектің негізгі түрі болмақ. Салаттарда жасыл түстің яғни шөп-шаламның көбірек болғаны дұрыс. Бұған қоса дастарқанның өзінің түсі ақ болғаны абзал. Жыл иесіне ұнау үшін торттың бетін грек жаңғағымен, кивимен, бананмен әшекейлегеніңіз жөн. Сондай-ақ мамандар ыстық тамақты еттің сүрленген, тұздалған түрінен жасағаннан гөрі жас малдың етінен дайындауға кеңес береді. Ал дастарқандағы ыдыстарыңыз сұр және күміс түстес фарфор ыдыстар болуы қажет. Міне, жаңажылдық дастарқан осылай айшықталуы тиіс. Қалай десек те әне-міне Жаңа 2015 жыл есіктен енбек... Сондықтан біз «Жаңа жыл өзіндік ырзық несібесімен келсін! Әр қазақтың дастарқаны кең, мерейім үстем болсын!» демекпіз...

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста