Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне орай Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне 25 мың теңгелік купюра айналымға енгізілмек.
Жаңа купюрада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленуі мүмкін екені айтылып жатыр деп хабарлады Naryk.kz.
ҚР Ұлттық банкі бұл туралы әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр ғана теңгенің 20 мың теңгелік купюрасы шыққан болатын.
Жалпы, мемлекет басшыларының бейнесімен ақша шығару әлемдік тәжірибеде көп кездеседі. Сингапур мен Түркия мемлекеттері ұлт көшбасшысын ұлттық валюталарында бейнелесе, АҚШ долларының әр купюрасы құрама штаттарды басқарған, не болмаса мемлекеттің құрылуына айтарлықтай күш салған қайраткерлерге арналған.