Сағадат турнирінде финалға шыққан саңлақтар

Сағадат турнирінде  финалға шыққан саңлақтар

Мамырдың 9-ы күні басталған Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұр­ма­ғамбетовтің атындағы халықаралық турнир мә­ре­сіне жет­ті. Осымен 16-рет ұйым­дас­тырылып отырған тур­нир­дің кеше жартылай финалдық жекпе-жектері өтті. Бүгін финалдық айқас­тардың куәсі боламыз.
Әлқисса ретінде айта кетейік, бұл жолғы дүбірлі додаға 12 елдің 170 боксшысы қатысуда. Оның 30-ы – нәзік жандылар. Қазақстаннан бөлек турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Тү­рік­менстан, Моңғолия, Сирия, Ресей, Бело­руссия, Украина және Сирия елдері де өз мықтыларын жіберіпті. Әсіресе, украи­н­дар­ға басымызды идік. Турнир мәр­тебесінің қаншалықты биік екендігін сезінген украиндар Қазақстанға ылғи халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен еңбек сіңірген спорт шеберлерін жіберген.
Сонымен кешегі жартылай финалдық жекпе-жектердің нәтижелеріне тоқталып өтсек. Алдымен 60 келі салмақта қыздар­дан қызылордалық спорт шебері Шахноза Исаханова мен Қырғызстан өкілі Ксения Филистеева жұдырықтасып, 13:10 есебі­мен Сыр елінің сұлуы жеңді. Келесі жекпе-жекте астаналық спорт шеберлігінен үміт­кер Сәния Сұлтанқызы халықаралық дә­ре­жедегі спорт шебері әзірбайжандық Айзанат Гаджиевадан басым түсті. Есеп – 11:8. Бұдан кейін кезек ерлерге беріліп, шаршы алаңға ұлттық құрама мүшесі Біржан Жақыпов көтерілді. Біржанның қар­сыласы оралдық 18 жасар жігіт Мей­рам­бек Мәжитов еді. Мейрамбектің шар­шы алаңға қорқа көтерілгені бірден бел­гілі болды. Рас, басында шабуылды өзі бірін­ші бастады. Бірақ жұрт оралдықтың бұл ұмтылысын «қорыққан жұдырықты бі­рінші жұмсайдыға» балап аса мән бер­ген жоқ. Артынша нокдаун алып та үлгер­ді. Екінші раундта тізгінді қолына алғысы кел­ген. Алайда әккі Біржан тасбақаша ба­сын бұғып, денесіне жұдырық дарытқан жоқ. Үшінші раундта қарсыласын тағы да нок­даунға жіберді. Ақыры айқас аяқ­талып, таблода 25:7 есебі тіркелді.
Енді финалда Біржанның қарсыласы алматылық Анвар Мұзапаров болмақ. 18 жасар бұл боксшы өзінен жеті жас үлкен, әлдеқайда тәжірибелі Әділет Қапезовті 18:9 есебімен жеңді. Ал 56 келіде ақтық сында тараздық Алмас Жақыповқа шым­кент­тік Темірбек Диханбаев қарсылас ата­нады. Темірбек жартылай финалда аста­на­лық Мейірболат Тойытовтан 10:4 есебі­мен басым түссе, бірінші раундтың нәти­же­сі бойынша үндістандық Житендер Ку­мар­дан 1:3 есебімен ұтылып жатқан Алмас екінші және үшінші раундта бел­сен­ділік танытып, 12:7 есебімен жеңіске жет­ті. 64 келі салмақта финалда алматы­лық Батыржан Жүкембаев пен шығысқа­зақ­стандық Әділет Егізековтің жекпе-жегі­нің куәсі боламыз. Ал 75 келіде оралдық 19 жасар Ерік Алжанов жартылай фи­налда техникалық нокаутпен жеңілді. Бір­ақ айта кету керек, қарсыласы украиналық Евгений Хитров айбарлы боксшы екен. Ук­раина чем­пио­ны, Еуропа кубогының иегері Евгений жерлесімізді бұрыштан бұрышқа тығып, үш мәрте нокдаунға жіберді. Енді ол финалда грузин жігіті Джаба Хоситашвилимен жұдырықтасады. Жерлесіміз Данабек Сужановтың шринг­ке көтерілмеуіне байланысты Джаба жартылай финалды ұрыссыз жеңді. Сондай-ақ 69 келідегі Серік Сәпиев пен 81 келідегі Антон Пинчук та дәл осылай финалға шық­ты.
Ең тартысты жекпе-жектің бірі ЦСКА-ның қос мүшесі 91 келідегі Қамшыбек Қоң­қабаев пен Хамзат Гелісханов арасында өтті. Бірден ша­буылға көшкен Қамшыбек Хамзаттың мұрнын қанатып, нок­даунға түсірді. Бірақ соқ­қысы белден төмен кет­кендіктен, төрешілерден өзі ескерту алды. Ал айқас аяқталғанда жеңілісіне риза болмады ма, әлде 19 жасар боксшының жеңіп кеткеніне намыстанды ма, әйтеуір Гелісханов жеңімпаздың қолын алмады. Енді финалда Қоңқабаев украиналық мықты Александр Усикпен жұдырықта­сады. Усик жартылай финалда сириялық Мохаммад Госсунмен айқасып, таблода 15:15 есебі тіркелген. Төреші жеңісті киев­тік саңлаққа берді.
P.S. Жартылай финалдың қалған айқастары бет қатта­лып жатқанда аяқталды.

Н’Жикам енді қашып құтылмайды
Бұған дейін жерлесіміз Геннадий Голов­кин­­мен жұдырықтасудан тай­сақ­тап жүр­ген WBA тұ­жырымының уа­қытша чемпио­ны Хассан Н’Дам Н’Жи­кам енді ешқайда қа­ша алмайтын болды.
Олай дейтініміз, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы жақында Н’Жикамға ескерту хат жіберді. Хатта 26 жасар камерундықтың келесі жекпе-жегі міндетті түрде қазақстандық Головкинмен болуы керек екендігі жазылған. Алайда WBA тұжырымының толық чемпионы болып саналатын жерлесіміз көктемнің басында Н’Жикаммен келісе алмаған соң, келесі жекпе-жегін 17 маусымға угандалық Кассим Оумаға қарсы белгілеп қойған болатын. Сондықтан Головкин – Н’Жикам жекпе-жегі күзге қалдырылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Генаның промоутері Олег Германн Хасан Н’Дам Н’Жикаммен де, осы тұжырымның супер чемпионы Феликс Штурммен де жекпе-жек жайында келісе алмай келген болатын. Тіпті ашынған Германн неміс баспасөзінің бірінде: «Штурм жақсы қашады. Әлі қашып келеді. Мен оған бокстан гөрі, жеңіл атлетикамен айналысуға кеңес берер едім. Сондай-ақ Н’Жикамның да қолынан қашу жақсы келеді. Екеуінің қайсысы жылдамырақ екенін біл­мей­мін. Бірақ қаша-қаша Головкиннің алдына бәрібір келетініне сенімдімін», – деп ренжіген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста