Көгалдағы хоккейдің көсегесін көгерткен Қобландин

Көгалдағы хоккейдің көсегесін көгерткен Қобландин

Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін көгалдағы хоккейден Алматының «Динамо» командасы одақтық додада көш тізгінін ешкімге ұстата қойған жоқ. Бірнеше мәрте чемпиондық атаққа да қол жеткізді. Алатау баурайына шалғай жерден ат арытып жеткен өзге республика командалары біздің көгалдағы хоккей шеберлерінен оңбай жеңіліп, еңселері түсіп қайтатын еді. Бұл орайда көргені көп, түйгені мол білікті бапкер Эдуард Айрихтің еңбегі ұшан-теңіз.Оның шәкірттерінің шеберлігі талайды таңғалдырды...

Сол «Динамо» Тәуелсіздік алған жыл­дарда жанкүйер назарынан жоғалды да кетті. Алғашқы кезеңде ел біріншілігін өткізбек түгіл, «Қазақстанда көгалдағы хоккей спорты керек пе?» деген сауал да алдымыздан көлденеңдеп шығатын. Тым-тырыс күйге түскен көгалдағы хоккей соңғы жылдарда қайтадан қанатын жая бастағаны қуантады. Шындығын айтқанда, оның көсегесін көгертуге кезінде ал­матылық клуб құрамында ойнаған шебер­лер барынша күш салып жүр деп айтуға болады.
Осыдан жеті-сегіз жылдай бұрын Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданында көгалдағы хоккейден команда құрылды дегенде таңырқап қалғанымыз рас. Беріде игілікті іске мұрындық болған азаматты кездестірдік. Аты-жөні Сұлтан Қобландин екен. Әңгімелестік. Жақында Сұлтекеңмен тағы да жүздесудің сәті түсті. Ол кісімен еліміздегі көгалдағы хоккейдің дамуы жөнінде ой бөлістік.
– Сіздің Алматыдан шалғай өңірде команда жасақтауыңызға не себеп болды? Өзіңіз де спорттың осы түрімен айналысып па едіңіз?
– Мен спорттық өмірімді Тәжікстан жерінде бастаған едім. Сонда жергілікті ұжымдарда тер төктім. Беріде мені Э.Ай­рих байқап, өз командасына шақырды. Білікті бапкердің ұсынысын қабыл алдым. Өйткені әрбір азамат үшін өз елінің намы­сын қорғау басты парыз емес пе? Осылай­ша «Динамоның» жейдесін бірнеше жыл кидім. Одан бергі уақытта отбасылық жағдаймен туған жерге оралуға тура келді. Әрқалай қызмет атқарғаныммен, өзім үйрен­ген көгалдағы хоккей мені қызық­тырды да тұрды. Осылай толғана келіп, Тереңөзек кентінен жастардың басын құрап, бір команда жасақтап шығардым. Бастапқыда бәрі де қиын болды. Қаржы тапшылығы қолды байлайтын. Құрал-жабдықтар же­тіспеді. Бертін келе бәрін артқа тас­тадық. Шағын аудан орта­лығынан құрыл­ған жігіттер мен қыздар команда­лары ел бірін­шілігіне қатысуға мүмкіндік алды. Рас, алғашқы жылдарда Қазақстан чем­пионатына қатысатын ко­мандалар қатары санаулы еді. Олардың да саны беріректе көбейе бастады.
– Қандай қиындықтар кездесті? Қамқорлық көрсеткен азаматтар болды ма?
– Қай кезде де жаңа істе кедергілер аз кездеспейді. Соны жеңе білсең, еңбегіңнің жемісін жейтінің анық. Біз команда құрған уақытта көрген қиындығымыз аз емес. Атынан көрініп тұрғанындай, хоккейдің бұл түрі көгалдың үстінде ойналады. Те­рең­өзекте ондай алаңдар жоқтың қасы. Мен шәкірттерімді тақыр жердің үстінде жаттықтырдым. Олар сондай кедергіні елемей, шеберліктерін арттыруға күш салды. Соның арқасында ел біріншілігінде алдыңғы орындардан көріне білді.
Беріде облыс орталығында жаттықтық. Онда жасанды төсенімді алаңда дайындық жүргіздік. Дегенмен өзіміз үшін алаңның қажеттігі болды. Әйтсе де біраз уақыт бойы бұл мақсатымызға жете алмай кел­дік. Сол арманымыз биыл орындалды. Аудан орталығынан көгалдағы хоккейге арналған стадион салынды. Қысқаша айтқанда, бізге облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы, аудан әкімдігі қамқорлық жасап отыр. Оған риза­шы­лығымыз ерекше. Қолдау білдірген бар­лық азаматтарға алғыс айтамыз.
– Елімізде көгалдағы хоккейдің дамуы қалай болып жатыр? Спорттың бұл түрінен ұлттық құрама жасақ­талып, өзге елдермен кездесу өткізе ме?
– Қазір біздің қыздар құрамасы Азия құрлығында рейтинг бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Олар 2010 жылы жабық ғимаратта ойналатын индор-хок­кейден өткен халықаралық додада Таи­ланд, Малайзия, Индонезия және Өзбек­стан құрамаларын артқа тастап, жеңіс тұғырына көтерілді. Шынын айт­қанда, қарсыластар біздің қыздардан ондай шеберлікті күтпеген болатын. Осыдан кейін қыздар құрамасының рейтингісі көтерілді. Қазір біздің алды­мызда Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және Үндістан секілді елдердің спорт­шылары тұр. Ал жігіттер құрамасының негізгі бөлігі тереңөзектік жастардан құралған. Әрине, мен өз шәкірттерімнің жоғары биіктен көрінетініне сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста