Жыл басынан бері елімізде балалар арасында 20 суицид тіркелген

Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желіде "өлім тобына" шақыратын парақшаларды бұғаттауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомстводағылардың айтуынша, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне әлеуметтік желідегі "өлім тобына" шақыратын парақшалар мен осы бағыттағы хэштегтерді дереу бұғаттау туралы хат жіберілген. "Сонымен қатар, суидцидке бармау туралы мәліметтерді дұрыс тарату жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынылған. "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша Қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымына WhatsApp мессенджері арқылы ескертулер жіберілген", - деді ҚР БҒМ мамандары.

"Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар Жоспарына сәйкес, министрлік мүдделі гумманитарлық білім беру орталықтарымен және жергілікті атқарушы органдармен 2019 жылға дейін балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша Жол картасын жасады. Жол картасын жасау кезінде Қызылорда облысындағы кәмелетке толмағандардың суицид жағдайларының алдын алу бойынша сәтті өткен сынақ тәжірибесі қолданылды", - деп хабарлады ҚР БҒМ өкілдері"

Министрліктегілердің мәліметінше, 2016 жылы суицид жасағандар саны 2015 жылмен салыстырғанда 12,9 пайыз азайыпты (2015 жылы - 201 жағдай, 2016 жылы - 175 жағдай). ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетітінің мәліметінше 2017 жылы кәмелет жасына толмаған балалар арасында жасалған 20 суицид оқиғасы тіркелген. Бұл дегеніміз 2016 жылмен салыстырғанда 42 пайызға (14 жағдай) көп. Сонымен қатар, балалар арасында суицидке бару көрсеткіші 20,7 пайызға 29-дан 23-ке дейін) төмендеген.

Еске салайық, "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды.

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста