Жүрегінің оң жақта екенін 47 жыл бойы білмепті

Жүрегінің оң жақта екенін 47 жыл бойы білмепті

«Жүрегі оң жақта орналасыпты» дегенді күнде есіте бермейсің. Медициналық мәліметтер мұндай құбылыстың 100 млн адамның бірінде ғана кездесетіндігін көрсетеді. Құдайдың құдіретімен қасиетті Отырар ауданына қарасты Арыс ауылының тұрғыны, ердің жасы  55-ке келген  Сарыбай Байкенжеевтің жүрегі оң жағында орналасыпты. Мұны Сәкеңнің өзі «47 жасымда бір-ақ білдім» дейді.

Алғаш рет Сәкеңнің жүрегі оң жақта орналасқанын анықтап, әбден тексеруден өткізген дәрігер оған: «Сіздің жүрегіңіз оң жақта орналасқан екен. Бұл – аса сирек кездесетін жағдай. Қазіргі ауырып отырғаныңыздың себебі де – сол. Бауыр мен жүректің бір жақта болғаны адамға салмақ түсіреді. Оның үстіне жасыңыз да келіп қалған. Бүгіннен бастап біздің қатаң бақылауымызда боласыз», – деді. Міне, сол оқиғадан кейін сегіз жыл өткен. Қазір сонда «жәрдемдесеміз» деген дәрігердің атын да ұмытып қалыпты. Көп қимылдаса, жүрегіне салмақ түсіп, мазасы қашады екен. Бір жағы, көңілге алғандықтан да болар. Егер ол кісі жүрегінің оң жақта орналасқандығын білмегенде, алаңсыз жүре берер ме еді, кім білсін, бәрі де бір Аллаға ғана аян...

Сарыбай ағаның жұбайы Перизат жеңгейдің айтуынша, екі жақтың төркін-тегінде мұндай ауытқулар болмаған көрінеді. Неден бұлай болғаны қарапайым халыққа жұмбақтау боп тұр.

Қазағы қалың қоныстанған оңтүстіктің Отырар ауданында осындай ерекше адам тұрады. Жүрегі соңғы кездері жиі сыр бере бастағанынан қиналып жүрген Сарыбай ағаға осыны оқыған білікті дәрігерлер тиісті жәрдемін көрсетер деген ойдамыз. Өйткені жүрегі «адасып» кеткен ағамыз осы күнге дейін дәрігерлердің тұрақты бақылауына да алынбаған...

Сарыбай БАЙКЕНЖЕЕВ, жүрегі «адасқан» жан:

– Бала күнімде жүрегімнің қай жақта орналасқанына онша мән берген емеспін. Әйтсе де қобалжыған кезде, бойымды себепсіз қорқыныш билей бастағанда, жүрегімнің оң жақ кеуде тұсымнан соғатынын сезінгендей болатынмын. Ол кезде жаспын, денсаулығым сыр бермегендіктен дәрігерге  қаралмайтынмын. 20 жыл шопан болдым. Қазір жасым елудің бесеуіне келді. Үш ұл, екі қызым бар. Әйтсе де жүректің оң жақта орналасқаны оңай емес екен. Бұл жөнінде  өзім алғаш естігенімде, таң-тамаша қалдым. 2002 жылы мазам кетіп, қатты сырқаттанып, болмаған соң аудандық ауруханада толық тексеруден өткенмін. Сонда жүрегімді тексерген дәрігер қыз ештеңеге түсінбей, маған қайта-қайта таңданып қарай берді. Бір кезде: «Сіздің жүрегіңіз орнында жоқ, қазір екінші жағын тексеріп көреміз»,– дегені. Мұндайды бұрын-соңды естіп көрмеген менің аузым аңқиып қалыпты...

Кемел ЖАМАЛБЕКОВ, кардиохирург:

– Жүректің кейде оң жақта орналасатыны туралы фактілер медицина тарихында кездесіп тұрады. Бұл – адамның ана құрсағында жатқанда жүрегінің дұрыс дамымауынан немесе экстракардиялық себептерден болады. Мұның толып жатқан медициналық, физиологиялық себептері де бар. Және бұл жағдайда табиғаттың әсері де көп рөл атқаратынын айтып өткім келеді. Сарыбай мырза тұратын өлке – экологиялық тұрғыдан алғанда, қауіпті аймақтардың бірі. Ол жақта уран өндірілетіні белгілі және де шөлді жер болғаннан кейін мұндай аномалиялардың болып тұратыны таңсық емес. Радиацияның әсерінен Семей өңірінде тұратындардың арасында да мұндай ауытқулар жиі кездеседі. Бұл кісі өзіне ыңғайлы жердегі емханаға барып, білікті кардиохирургтердің кеңесін алғаны, лайықты ем қабылдағаны жөн.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста