Қазақ тілін оқыту бағдарламасы таныстырылды

Қазақ тілін  оқыту бағдарламасы таныстырылды

Жаңа оқу жылынан бастап өзге тілдегі мектептерде қазақ тілі ағылшын бағдарламасы секілді деңгейлі түрде оқытылады. Яғни оқушылар қазақ тілін білу деңгейіне  байланысты топ-топқа бөлініп игереді.  Осы жайлы кеше Алматыда  ҚР Ұлттық кітапханасында өткен республиканың ұлттық білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілдің даму болашағына арналған дөңгелек үстелде ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты.

Аталған бағдарламаны ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығы дайындады. Бұл жүйе Қазақстан азаматтары мен еліміздің аумағында әрекет етуші азаматтардың  қазақ тілін жалпы деңгейде меңгеру көлемін айқындауға арналған. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейін бағалау және меңгеру деңгейінің талаптарына сәйкес сертификаттар беру. Жүйенің негізгі міндеттері – жүйе бойынша тест тапсырмалар қорын қалыптастыру, жетілдіру және дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу. Бұл жүйені енгізу мен дамыту негізінен екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – 2008-2010 жылдарға арналған Қазтест жүйесін дамыту кезеңі, екіншісі – 2010-2011 жылдарға арналған Қазтест жүйесін енгізу мен дамыту кезеңі. Министрдің айтуынша, халықаралық стандартқа сай келетін бұл бағдарлама қазақ тілін оқыту мүмкіндігін арттыра түсетін болады.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, министр:
– Жыл сайын қазақ тіліндегі балабақша, мектептердің саны 2,5-3 есеге артып келеді. Біз бірден қазақ тілін меңгеру деңгейін 100 пайызға орындай алмаймыз. Оны өздеріңіз де білесіздер. Елбасының тапсырмасымен барлық мәселе бірте-бірте шешіліп келеді. 

Асылы ОСМАН, Әзірбайжан мәдени орталығының жетекшісі:
– Мен мұндай конференция болғанына қуаныштымын. Осындай жиындар жиі болып тұрса екен деймін. Қазақ тілі тоғызыншы, он бірінші, он тоғызыншы ғасырларда небір қиын кезеңдерден өтті. Егер тіліміз күйрейтін болса, сол кезде жойылатын еді. Құдайға шүкір, бәрі жақсы болып келеді. Қазақ тілін оқыту мәселесіне көңілім толады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста