Жоқтау – бизнес

Жоқтау – бизнес

Ақтөбеде отағасы қайтыс болып, қара жамылып отырған үйде бір әйел жоқтау айтып отыр дейді. Қасына барып, көңілін білдіріп, жоқтауына тоқтау айтқан біреу:
– Жақында тағы бір туысыңыз қайтты ғой деймін, садақаға барғанда көрген едім. Бұл кісілер де туысыңыз ба? Жұт жеті ағайынды, айналайын. Қайғы айтып келмейді, Алла өзі даусыз береді, құнсыз алады. Сабыр ет, – деп барынша жұбату сөздерін айтып жатса, әлгі әйел оның сөзін кілт тыйып:
– Мен тіпті кім қайтыс болғанын да білмеймін. Туысым да емес. Жалданып жоқтау айтуға келдім, – деп қойып қалыпты.
Естіген құлақта жазық жоқ. Құй сен, құй сенбе: біздің қоғамда жоқтау айтатын әйелдерді жалдау кәсібі белең алыпты. Естіген адамды есеңгірететін бизнестің «ерекше» түрі әзірге жасырын түрде жүргізіліп жатқан көрінеді.
Менің ашқан «Америкамның» түрі осы: садақа, адамды жерлеу, жоқтау сынды адам қаза болған кезде орындалатын қаралы салттың бәрі театрландырылған көрініске айналып барады.
...Иә, тойдың ұлттық шоу кейпінде өтетініне етіміз үйренді. Қазір театрдағы кейбір спектакльден той қызықты өтеді. Қыз ұзатып, келін түсіргенде облыстық театр әртістерінің жалданып, өнер көрсететіні жасырын емес.
Әрине, тойдың аты – той, ал бірақ садақа...
Иә, актриса атаулы садақаға барып, жалданып жоқтау айтып отырса да, ешкім тыйым сала алмайды. Себебі бизнеспен айналысуға бәрінің құқы бар.
... Сонымен, біз неге жоқтау айту үшін адам жалдайтын күйге түстік?
Біріншіден, салт-дәстүрді ұмыттық. Орысқолды болып кеттік. Екі сөздің басын құрай алмайтын жастар көп. Қарапайым сөйлемді толық айта алмайтын, өз ойымызды еркін жеткізе алмайтын болдық. Өлім-жітім болған жерге барғанда қаралы үйдің иесіне не айту керектігін білмей, аузымызға сөз түспей қалады кейде. Сол секілді жақыныңнан айырылғанда да өксік ішіңе тығылып, сыртқа сөз боп шыға алмай жатады.
Екіншіден... Әлеуметтік жағдайдың төмендігі шығар. Бұлардың қасында етегімен арпалысып нан тауып жүргендер де бар. Бірақ бәрібір біреудің өлімінен бизнес жасау ақылға сыймайды.
«Қаза болып жатқан отбасының ауыр халіне көңіл айтудың орнына, қайғы жұтқан қаралы үйдің жағдайын пайдаланып, оны ақша табудың көзіне айналдыру үлкен күнә болып есептеледі. Құран кәрімде: «Менің аяттарымды азын-аулақ ақшаға айырбастамаңдар», деген мағынадағы аят бар. Молданың дүниеден озған кісінің жаназасын шығаруға барғанда, «құран бағыштадым» деп ақша талап етуге болмайтыны секілді, жоқтау айту үшін ақы талап етуге болмайды. Жоқтауды салт бойынша сол үйдің қыз-келіндері, жалпы, сол үйдің әйел адамы айтуы тиіс. Жоқтағанда марқұмның тірлікте істеген жақсы істерін, жақсы адами қасиеттерін айтуы керек. Сырттан келген жалдамалы қызметкер оны қайдан біледі?» – дейді теолог Асланбек Тыныштықов.
«Ақырзаман болғанда... садақаң тойдай болады», – деп айтып кеткен Мөңке би. Мұны да көрдік. Бір күні «жоқтағанда жиналғандардың жүз пайызы жылап, он пайызы есінен танып құлап қалатын болады», «бес әйел бірге отырып жоқтаймыз», «барлығына түсінікті болуы үшін бірнеше тілде жоқтап беремін», болмаса, «жоқтау айтатын хор бар», «жоқтау мәтінінің кең таңдауы», «жоқтаудың екі мәтінін таңдасаңыз, біреуі тегін айтылады» деген сынды түрлі жарнамалар пайда болып жатса, таңғалмаңыз...
Салт бұзған сорлайды деген осы екен.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ, Ақтөбе.
Мақала jasqazaq.kz алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста