Жездесімен қашып кеткен: Павлодарда 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Жездесімен қашып кеткен: Павлодарда 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Павлодарлық зейнеткердің немересін іздеп жүргеніне жарты жыл болған. Ол туған әпкесінің күйеуімен үйден қашып кеткен екен.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.

Галина Денисова немересінің мінез-құлқындағы өзгерісті бірден байқамаған. 15 жастағы Виолина аяқ астынан ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасқа қызығушылық таныта бастапты.

«Мектепке инспектор келгенде ол: «Мен ересек ер адаммен төсектес болсам не болады?» - деп сұраған. Осындай сұрақ қойыпты», - дейді кейуана.

Артынша Виолина өз әпкесінің күйеуімен көңіл жарастыра бастапты. Үлкен отбасы бір шаңырақ астында тұрған. Осылайша, 36 жастағы ер адам әйелін екі баласымен тастап кеткен. Биылғы жылдың мамыр айында ол балдызымен бірге үйден қашып кетіпті.

Ал жасөспірім қыз өзін іздемеуді және еркін өмір сүруге мүмкіндік беруді сұрайды. Алайда Виолинаның әжесі немересінің алданып жүргенін айтып отыр.

«Онымен сөйлестім. Толып кеткен. «Саған сүйіктің не сыйлады?» - деп сұрадым. Ол сырға сыйлағанын айтты. Өзінде бәрі жақсы екенін жеткізді, бірақ көзі жасқа толы болды. Немерем желіден «Біз – өте бақытты жандармыз» деген парақша ашқан. Ол жерден ешқандай бақыт көріп тұрғаным жоқ. Ол өте қу адам», - дейді Галина Денисова.

Виолинаның анасы кезінде ата-ана құқығынан айырылған екен. Қазіргі уақытта немересінің қайда жүргенін кейуана білмейді. Кей мәліметтер бойынша, жасөспірім қыз Ресей аумағында бой тасалап жүрген болуы мүмкін.

Ал Павлодар облыстық полиция департаментіндегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздың қайда екенін анықтау үшін, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста