Зеленскийге Түркияға соғыс ашуды ұсынған алматылық депутат кешірім сұрады

Зеленскийге Түркияға соғыс ашуды ұсынған алматылық депутат кешірім сұрады

Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы «Аманат» партиясынан сайланған депутаты Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аdyrna.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Facebook-тегі Deutsche Welle парақшасындағы жазбаның астына пікір қалдырған.

 

«Түркия жақсырақ, Зеленский мырза! Ол жерде жыл бойы жылы», - деп жазған Башинская.

 

Мақалада Зеленскийдің аннексияланған Қырымды Украинаның бақылауына қайтаруын көздейтін қарсы шабуылды жоспарлап отырғаны айтылған. Зеленский сұхбатында Украинаның табысы негізінен Батыстың Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастыра беруіне байланысты екенін атап өтті.

 

Пікір білдірушілер Башинскаяның Қазақстан азаматы бола тұра, басқа елдің президентіне ұсыныс жасағанына таң қалған.

 

Анна Башинская Facebook парақшасында жазған пікірі үшін өкінетінін айтып, кешірім сұрады.

 

“Мен Түркия туралы жазғанда оны мүлде айтқым келген жоқ. Мен түрік бауырларымыздан кешірім сұраймын. Украина мен Ресейге бейбітшілк тілеймін. Бұл жағдайға пікір білдіруге менің құқығым жоқ, меніз өз елім бар, мен депутат ретінде ең алдымен елдің қамын ойлауым керек”,- деп жазды ол Facebook парақшасына.

 

Сондай-ақ, ол Deutsche Welle парақшасындағы жазбаның астына қалдырған пікірін өшіріп тастады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста