Жастар неге түңіліп барады?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Жастардың жанынан түңілуі толастар емес. Қоғам дабылды дамыл-дамыл соқпаса, соңы – зор қасіретке айналар түрі бар. Көптеген елдер мәнін ұғыну үшін арнайы зерттеу орталықтарын құрып тастапты. Жасөспірімдерді жегідей жеген өзін өлтіруге мәжбүрлейтін проблемалардың тамырына үңілуді мақсат тұтып отыр. Себебі, ұрпақ тәрбиесі- ұлттың ең ұрымтал тұсы. Ол осал болса, болашақтың іргетасы бекем деу – бекер. Өкінішке орай, біздің елде де жасөспірімдер арасын суицид елесі емін-еркін кезіп жүр. Онымен жүйелі айналысып, проблеманы жіліктеген арнаулы бір ғылыми орталық жоқ. Ал керек-ақ... «Алаш айнасы» тілшісі жастар мәселесі жайында ойын былайша жеткізеді.
Бұл кем айтылып, аз жазылып жүрген мәселе емес. Кеше, не бүгін ғана пайда болған жоқ. Аңдамай жүріп, ақырын баспағандықтан, елемей-ескермегендіктен етек алып кетті. Жастарымыздың өзін-өзі өлімге байлауы бойынша еліміздің алдыңғы қатарда жүргені қазір ешкімге жаңалық емес. Алайда, одан беріде бұл проблеманының түбегейлі шешілгені жоқ. Мәселен, Шведтердің өзін-өзі өлтіру ісін зерттеу орталығы бар. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ АҚШ-та да мұның бүге-шігесіне үңілген ғалымдар көп. Ағылшындар да аузын ашып, қарап отырған жоқ. Жапондар да асқынған дерттің алдын алу үшін орталық тұрмақ арнаулы заң қабылдап та тастаған. Шын-өтірігін кім білген, оған «Суицидке қарсы заң» деп айдар тағыпты. Бізде ше?
Әлі күнге дейін өрімдей жастар өлім құшып жатыр. Себебі – алуан десек те, мұның әлеуметтік мәселеге айналғаны әлдеқашан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі, жер бетінде жылына 1 миллион адам өзін өлтіреді, оның 8 мыңы қазақстандықтар депті. Елімізде бір сағат сайын суицид жасалады екен. Статистикалық көрсеткіштер аза бойыңызды қаза қылады. Ал мұның моральдық, экономикалық салдары да аз емес.
Мамандар «Суицид жасаудың бірінші себебі ретінде жақындарымен, отбасымен туындаған мәслелер болып отыр. Екінші кезекте достарымен қарым-қатынас, алғашқы махаббаттан түңілу тұр. Ал бұл проблеманың алдын алуда оқу орнындағы психолотар мен әлеуметтанушылардың ықпалын ерекше атаған жөн.Облыс мектептерінде бүгінде психлог, әлеуметтік педагог бар. Психологпен әңгіме ата-аналардың ерік-тілегімен жүргізіледі.Балалардың суициды Бас прокуратураның бақылауында. Әрбір суицидтік жағдай прокуратура назарынан тыс қалған емес» деді құқық қорғаушы мамандар.
Психологтар жасөспірім кезеңде суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болатынын айтады. Тек оны қоршаған ортасы, маңайы-жақын туысы аңғара бермейді. Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді екен. Әсіресе, кейінде қоғамда белең алған дерт - депрессия мен стресстің соңы жастардың өзін қасақана өлтіруге әкеліп соғуда.
Психологтардың айтуынша, дерттiң терең механизiмiн зерттегенде адам ағзасында катехломин деп аталатын зат бары анықталған. Ол мида болады екен де, белгiлi бiр биохимиялық үрдiс кезiнде көңiл-күйдi көтеретiн, теңестiретiн зат. Бұл кемігенде адамның көңілі құлазиды, депрессияға ұшырайды. Ол күйзелістің 70 түрi тағы бар екен. Сол жетпістің қайсысы жастардың желкесін қиып жатқаны әзірге нақты белгілі емес біз үшін. Өйткені, мұнымен елде жүйелі жұмыс жасап отырған арнаулы орталық жоқ. Прокуратураның өз дерегі, ішкі істер органдарының өз цифры, білім басқармаларының өз дәйегі бар. Кейінгі жылдары ел ішінде жасөспірімдердің суициді артып келе жатса да, бұған тосқауыл болатын мемлекеттік деңгейде айтулы шараның жоқтығы қарын аштырады. Ал біле-білсек, мамандар айтқандай, бұл ұлт қауіпсіздігіне төнген қатер.
Бір адамның, бір отбасының ғана проблемасы емес, әлеуметтік, қоғамдық, мемлекеттік проблема. ДСҰ 2020 жылдарға қарай өзіне өзі ол салу бір миллионнан,бір жарымға артады деген болжамы рас болса, бұл мәселе – ел ішінде зерттеуді қажет етеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста