ВИЧ-ке шалдыққан балалар қоғамнан алшақтамауы тиіс

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Алдымен азғана анықтама. ВИЧ, яғни АИТВ дегеніміз – адамның иммунитет тапшылығы вирусы. Демек, бұл вирусты жұқтырған адамның ағзасында қорғаныш тапшылығы сезіліп, ауру­ға төтеп беру қабілеті төмендейді. ВИЧ жұқтырған науқас ұдайы дәрі ішіп отыр­маса, ауру асқынып, СПИД-ке ұласуы мүмкін. Ал СПИД-тің әзірге емі жоқ екені белгілі.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда ВИЧ вирусын жұқтырған 17 457, СПИД-ке шалдыққан 1 446 науқас тіркелген. Ауру­дың таралу аумағы бойынша, бірінші орын­да – Алматы қаласы. Екінші орында – Пав­лодар, үшінші орында Қарағанды об­лысы тұр. Бұл тізімде төртінші болып тұр­ған Оңтүстік Қазақстан облысында 2082 адам тіркелген.
Облыс орталығы Шымкентте ВИЧ жұқ­тыр­ғандардың жаппай тіркелу оқиғасы 2006 жылы орын алған болатын. Сол жы­лы аты жаман ауру жұқтырғандардың саны 220-ға дейін артып, сол науқастардың 11-і көз жұмған еді. Екі бала өзге өңірге қо­ныс аударса, бір қандасымызды шетел­дік азаматтар аттай қалап, асырап алған.
Облыста үлкен дүмпу тудырған бұл оқи­ғаның соңы облыс басшысының қыз­ме­тінен босап, бірнеше ақ халаттылардың бас бостандығынан айырылуымен аяқ­тал­ған болатын. Алайда бұл шаралар мен жазалардың барлығы да балалардың денсаулығына дәру бола алмайтыны анық еді. Бүлдіршіндердің болашағын қам­та­ма­сыз ету үшін сол жылы ВИЧ дертін жұқ­тыр­ған балаларды емдеуге арналған «Ана мен бала» атты жұқпалы аурулардың ал­дын алу және емдеу орталығы ашылып, ол қазірге дейін жұмыс істеп келеді. Қазір өңірдегі ВИЧ-ті жұқтырған 205 баланың 169-ы осы емдеу мекемесінде ем-дом қабылдап жатыр. Олардың көпшілігі мек­теп жасында.
Балалар кішкентайында бұл сырқатпен ауыратынын білмейді, әрине. Ата-аналары да оны ашып айтпайды. Өзінің ВИЧ-пен сыр­қаттанатынын естірту үшін алдымен баланы психологиялық жағынан жан-жақты дайындау қажет. Және де бұл жөнін­де бала жоғары сыныптарға барғанда бір-ақ айтылуы тиіс. Тіпті бұған көптеген ата-ана қарсы да болған-тұғын. 2006 жы­лы ауру жұқтырғандардың көпшілігі қазір жоғары сыныптарда оқиды. Олар үшін өзінің ВИЧ-пен ауыратынын есту ең ауыр сәттерінің бірі екені айтпаса да түсінікті. Олай етпесе тағы болмайды. Ал негізінде дәрігерлерге ВИЧ індетін жұқтырған нау­қастар жөнінде қандай да бір мәлімет таратуға заң бойынша тыйым салынған.
Негізінен, қан арқылы жұғатын бұл кеселге шалдығушылар арамызда әлі де көп пе? Кесел жұқтырудың негізгі себептері неде? Осы жөнінде мамандар не дейді?
Талғар МЕЙІРХАНОВ, Облыстық СПИД орта­лығының бас дәрігері:
– Соңғы мәлімет бойынша облы­сы­мыз­да ВИЧ жұқтырған 2082 науқас тір­кеуде тұрады. Оның жартысына жуы­ғы – есірткі затын қолданатын наша­қор­лар. Көбіне ине арқылы жұғып жата­ды. Ал жалпы науқастардың 222-сі – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың 206-сы арнайы есепте тұрса, 176-сы үзбей ем қабылдайды. Әлгі 2082 нау­қас­тың 89-ының науқасы асқынған, яғни төртінші сатысына жеткен болса, олардың 60-ы – балалар. Былайғы жұрт оны СПИД деп те атап жатады. Бірақ олай атау дұрыс емес. Әр нәрсені өз атауымен атаған жөн.

Т.Мейірхановтың айтуынша, аты қор­қынышты, заты жаман кеселді жұқты­рушылар әлі де азаймай отыр. Мәселен, 2010 жылы 171 адам арнайы тіркеуге алын­­са, оның бесеуі – 14 жасқа дейінгі бала­­лар. Өткен жылы да 175 науқас тір­кел­ген, төртеуі – бүлдіршіндер. Ал биыл­ғы жыл­дың төрт айында тіркелген нау­қас­тар­дың саны 59-ға жеткен. Екеуі – балалар.
Жаннета ЖАЗЫҚБАЕВА, «Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қорының президенті:
– Айықпас дертке шалдыққан бала­лар­дың денсаулығы, оларға деген қам­қор­лық үнемі біздің назарымыздан шық­қан емес. Былтыр екі-үш баланың денсаулығы күрт нашарлап, олардан айырылып қаламыз ба деген қорқыныш та болған еді. Құдайға шүкір, олардың беті бері қарады. Алайда оларды шетелге жіберіп, сапалы ем қабыл­да­ма­са болмайды. Осы мақсатта жұмыс жа­сап жатырмыз. Балалар құқын қор­ғау күніне орай біз бүгін облыстық фи­лар­монияда балалар мерекесін өткізіп, ВИЧ-ке шалдыққан балалар мен олар­дың ата-аналарының көңілін көтеріп, үлкен концерттік бағдарлама өт­кіз­бек­піз. Балалар би билеп, ән салмақ. Демеушілер де қарап қалмасы анық.

Бүгін – Балаларды қорғаудың халық­ара­лық күні. Бүлдіршіндер үшін ұмытылмас мереке. Бұл күні бала біткен шаттанғанын қалаймыз. Олардың ішінде ВИЧ-пен ауы­ратын балалар да бар. Әрине, оларды қоғам­нан шеттетуге болмайды, керісінше, қоғамға барынша сіңісті етудің жолын ашқан жөн. Көңілдерін көтерудің амалын табу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста