Тәртіп сақшылары Түркістан қаласында сауна ішінен ашылған секс-притонды әшкереледі. Түркі дүниесі үшін қасиетті болып саналатын қаладағы саунаның әкімшілігі сол жерде жұмыс істейтін қыздарға жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік берген хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жеңіл жүрісті қыздарды полицейлер арнайы есепке алды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК нің 309-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
"Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын қолға алған Түркістан облысы полицейлері облыс аумағынан жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысқан 5 притонды анықтап отыр.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді тексеруді күшейтті. Секс-притондар Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан да анықталды.
"Облыс бойынша криминалды полиция басқармасының полицейлері арнайы тәжірибелі қызметкерлерден топ құрып, тексеруді күшейтті. Барлық анықталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде",- деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.