«Торпедомен» тайталасқан «кәсіби алқаштар»

Алкоголь өнімдері бүгінде қат тауарлардың қатарына жатпайтыны белгілі. «Атадан қалған ас еместің» құны да қымбат емес. Арақты ішкен соң, есірткі заттары сияқты, пайдаланғаны, сақтағаны, сатқаны үшін не қылмыстық, не әкімшілік жауапкершілікке де тартпайды. Тіпті алпауыт Америкадағыдай көшеде ішіп жүргенің үшін үлкен айыппұл да салмайды. Сол себепті де болар, бізде ішіп алып, қоғамдық орындарда қисаңдап жүретіндердің жиі бой көрсететіндігі.

Ішімдікке қарсы майдан ашып, жарнамалауға тыйым салып, бір ерледік. Бірақ амалын тапқандар екі асап жатқан заман. Сыраны теріс қаратып жазып, «алкогольсыз ішімдік» деп жарнамалап жүргендер де бар. Оларды жауапқа тартып жатқан жанды тағы таппайсыз. Сыртқы қорабының астына лупамен оқуға болатындай, «алкогольды шектен тыс пайдалану денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді» деп жазып қоятынын қайтерсіз. Бірақ алкогольдың сіздің өміріңізді тозаққа айналдыратынын, барлық жақындарыңыздан айыратынын ешкім де ескертпейді. Аттандап жатқан адам тағы жоқ. Кез келген жерден сатып алуға да болады. Қолжетімді бағамен. Айналаңызға қараңызшы, көршіңіз ішеді, жоқшылықтың азабын ұмыту үшін; базарда қыздар ішеді, қыста жылыну үшін. Айналып келгенде, текті ұрпақтың бүгінгі тұяқтары тым ұсақталып, ғасыр тажалына жұтылып бара жатқандай.
 Ащы суға құмартып тұратындар келе-келе нағыз «кәсіби алқашқа» айналғанын сезбей де қалады. Оның басты белгісін дәрігерлер – абстинентті синдром деп атайды. Яғни бас жазусыз шыдай алатындар. Ары қарай арақсыз тұра алмайтын сатыға өтеді. Яғни финалға жетіп қалғанын байқамайды. Бұл кезде эпилепсиялық белгілер, алкогольды психоз, энцефалопатия, полиневрит қосақталады. Бұдан кейін алкоголизм созылмалы ауруға айналады. Яғни түбірімен «жұлып» тастау мүмкін емес. Ішімдіктен бас тарту бұл кезде мүлде мүмкін болмай қалады. Бүгінде заманауи емдеу түрі – код арнауға жүгінетіндер жетіп артылады. Довженконың коды бойынша емдеу қазір кең таралған. Нәтижесі де жаман емес. Негізі, дамыған елдерде торпедо, эспераль секілді ем түріне тыйым салынған. Кез келген кодтау мен алкогольға қарсы уколдардың кемшілігі әсер ету уақыты біткен соң, қайтадан таз қалпына түсіреді. Оны салғанда, әлбетте, психологтердің жұмыс істейтіні белгілі. «Егер енді ішсең, өлесің». Бұл – олардың соңғы сөзі. Араққұмар осыдан ғана тоқтауы мүмкін. Басқа жолы жоқ, әрине. Ол – ойыншық емес. Торпедоны салдырып алып, ажал құшып жатқандар да бар. Бүгінде алкоголизмнен емдейтін жеке клиникалар көп. Тіпті тастың үстіне шыққан мүктей қаптап кетті десе болады. Себеп – сұраныс бар деген сөз.

Анатолий ЧИСТЯКОВ, нарколог:
– Клиникаларда сегіз түрлі әдіспен емдейді. Гипноз, лазерлі терапия, торпедо, кодтау тағы да басқа. Пациент ең әуелі кеңес алуға келуі тиіс. Ол да тегін емес. Бір мың теңге тұрады. Кеңесші дәрігер оның емдеуге келетінін, келмейтінін анықтайды. Қандай сатыда тұрғаны нақтыланады. Емге көне ме, көнбей ме – бәрі жан-жақты тексеріледі. Әр емнің бағасы да әртүрлі. Мәселен, жарты жылға тоқтатамын деп, торпедо салдырса, 5 мың теңге төлейді. Екі жылға болса – 12 мың теңге. Осылай сатылап көтеріле береді. Өмірлік етіп салдырса, 50 мың теңге төлейді. Бұл – оңай шаруа емес. Пациент дәрігерге қолхат жазып беруі керек. Бәрі де заңды түрде жүзеге асырылады. Жалпақ тілде айтылатын «торпедо» салдырған соң, ішіп қойса, басы ауырады, қысылады, есін жоғалтуы мүмкін. Қалалық жерде «Жедел жәрдем» шақырып, өміріне арашашы болуға болады. Ал қашық ауылдарда тұратындарға қиын. Егер әлгіндей шұғыл жағдай болып қалған жағдайда өліп кетуі де ғажап емес. Бұл дәрілердің бәрі де Мәскеуден әкелінеді. Елімізде шығарылмайды. Шетелден әкелінетіндері де бар. Бірақ ол өте қымбат тұрады. Клиникаға келмес бұрын үш күн ішпеуі тиіс. Сосын емделем деген өзінің ниеті болуы керек...
Шетелде «Анонимді алқаштардың қоғамы» жұмыс істейді. Оған мүше жандар жиналып, сыр шертіседі. Қалай ішуді тастағандарын, қалай бастағандарын баяндайды. Бір-бірімен «тәжірибе» алмасады. Бірақ біздің менталитет бұған мұрша бермейді. Танысым кездесіп қалмаса екен, емделгенімді ешкім білмей-ақ қойсын деумен діңкелейтіндер көп. Бүгінде наркоорталықтарда жасырын емделетіндер көп. Олар тізімге ілікпейді. Сол себепті де ішімдікқұмарлардың нақты санын дәл айту мүмкін емес. Мұндай жандарға қоғамның қалдығы деп қарап, қолұшын беруден қашқақтайтындар да баршылық. Тағдырына жазған аз ғана ауыртпалықты көтере алмай, жүнжіп ішіп кеткендер аз ба арамызда? Бүкіл бір әулеттің қайғысына айналып, адамдықтан кетіп қалғандардың үміт артары да осы – «торпедо».
Жуырда Мәжіліс депутаты Нехорошев еліміздің спирттік ішімдіктер тұтынуда әлем бойынша сегізінші орында тұрғанын айтып, орынды мәселе көтерген болатын. Ендеше, бізге жаппай «торпедо» немесе Довженконың коды бойынша емделу ғана қалған сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста