Төріңде түркіменнің емес, шымкенттің кілемі тұрсын!

Төріңде түркіменнің емес, шымкенттің кілемі тұрсын!

Кілем десе еске бірден Иран, Парсы түсетіні анық. Алайда бүгінде таза жүннен тоқылып, қазақы оюлармен өрнектелген қалы кілемнің атағы қазақтікі екенін бірер білсе біреу білмес. Дегенмен, бізді қынжылтатыны, ол кілемдер бүгінде елімізде тоқылмай тұр. Керісінше, Әзірбайжан елінде осы өнер өркен жайып отыр. Жалпы, деректерге сүйенсек, біздің ұлттық кілемдер арқылы атағын әлемге жайып үлгерген Иран елі 8 жылда бір ғана кілем саудасынан 17 млрд. АҚШ доллары көлемінде табыс табады екен. Кілемдерін америкалықтар, жапондықтар, ресейліктер белсенді түрде сатып алатынын жеткізген ирандықтар, алдағы уақытта кілем саудасынан түсетін табыс еселене береді дейді. Ені-2,5, ал ұзындығы 3,5 метр кілемдерді ол елдің шеберлері қолдан 1 жылға жуық тоқиды екен. Жалпы, қалы кілемді өндіріп, экспортқа шығаруда бүгінде Иран әлем бойынша озық елдердің қатарында. Олар алдағы 10 жылдықта кілем саудасынан 20 млрд. АҚШ долларын табамыз деп жар салуда. Ал біздегі сарапшылардың айтуынша, Түрікменстан, Парсы елдері, Біріккен Араб әмірліктері жеңіл өнеркәсіптің осы түрін дамытуға аса мән беруде. Бұл ретте елімізде де бірқатар оңды жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағында 2012 жылы үдемелi индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасы аясында «Бал текстиль» ЖШС-i отандық кiлем фабрикасының құрылысын атап айтуға болады.
Былтыр қыркүйек айынан бастап өз тауарларын шығара бастаған орталық Қазақстанда әзiрге баламасы жоқ iрi және бiрегей жоба болып саналады. Жалпы құны 8,450 млрд. теңгенi құрайтын жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Оның алғашқы кезеңiнде жылына 2,3 млн. шаршы метр кiлем өнiмдерiн шығаруға қабiлеттi. Өндiрiстiк жоба толық iске қосылғанда елiмiздi импортқа тәуелдiлiктен құтқарады. Өйткенi, елiмiзде кiлемге деген сұраныс анағұрлым жоғары. Атап айтқанда, жоба түгелiмен жүзеге асқан жағдайда iшкi нарықтың сұранысын 70 пайыз өтеуге әлеуетi бар екенiн мамандар есептеп те қойған. Болашақта бұдан бөлек, 3-4 млн. шаршы метр тауарлар түрi экспортталатын болады. Рас, бұрын кiлемдердi шетелден импорттап келдiк. Ендi қазақ елiнiң өз кәсiпорны бар. Бұл бiз үшiн де зор мақтаныш. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстiкке келген iссапарында аталмыш кәсiпорынға арнайы ат басын бұрып, жұмысымен танысты, алға қойған жоспарларын сұрап бiлдi. Қазақстандағы тұңғыш жобалардың бiрiне сәттiлiк тiледi.
  Кәсiпорын басшылығының бұл бағыттағы батыл қадамдары көңiл сүйсiнтедi. Қанатын кеңге жайып келе жатқан фабрика қазiрдiң өзiнде 2,2 млн. шаршы метр тауар шығаруда. Ал жобаның екiншi кезеңi бойынша полипропилен жiбiн өндiру цехын және 4 тоқыма станогын қою жоспарланған. Бұл күндерi құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ендi заманауи құрал-жабдықтарды күтуде. Үстiмiздегi жылдың 21 қыркүйегiнде қазақстандық барлық кiлем сатушыларға «Бал текстиль» өзiнiң жаңа тауарларының таныстырылымын ұйымдастырды.

Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
– Бұл кәсіпорынның тауарына сұраныс болатынына біздің ешқандай күмәніміз жоқ. Өйткені, «Бал текстиль» болсын, қасында соғылып жатқан «Есенжол Назар» болсын, бұл екі кәсіпорын Қазақстан нарығына Түркиядан 20 жыл бойы импорт жасаған ірі саудагерлер. Сондықтан да бұлардың Қазақстанда өз нарығы бар. Фабриканы қосар-қоспас бұрын олар шығарылған өнімдерді өз дүкендеріне жеткізіп жатыр. Сатылып жатыр. Қазіргі таңда біз проблема көрмей тұрмыз.
Кілемнің нақты бағасын монополистер айта қоймады. Дегенмен, көтерме саудадағы құны арзан дейді. Егер Батыс Қазақстанда салынып жатқан шикізат зауыты бітсе, отандық текеметті шетелдікімен салыстырғанда 20-30 пайызға арзан сатып алуға болады. Өйткені, тауар баж салығынан босатылады һәм тасымалдау шығынсыз болады
Талғат ИСХАХОВ, «Бал текстиль» ЖШС-iнiң директоры:
– Бiз Түркияның «Kartal Carpets» компаниясымен бiрлескен кәсiпорын құрдық. Шымкенттiк кiлемдердiң сапасында мiн жоқ. Әлемнiң импортталатын кез келген өнiмiмен бәсекеге түсе алады. Таңдаған дизайнды тапсырыспен жасатуға әбден болады. Қазiр кiлем бұйымдары «Тұран», «Алатау» және «Барыс» сауда белгiлерiмен шығарылуда. Тауарлар әзiрге отандық нарықты қамтамасыз етуде. Кейiн алыс-жақын шетелге де шығарылмақ. Сапасы мықты тауарлар сырттан тасымалданатын тауарларға қарағанда бiршама арзан. Бiздiң қазақ кiлемi деген ұлттық бренд қалыптастырсақ деген ниетiмiз бар. Қазiрдiң өзiнде халқымыздың түрлi ою-өрнектерiмен көмкерiлген кiлемдердi шығарып үлгердiк. Мұндай өнiмдерге сұраныстың жоғары болуы бiздi, сөз жоқ, қуантады. Бұл iске маманданған дизайнерлер мен жобалау тобы да бар.
Аталмыш компания Түркияның кiлем өндiрiсiндегi алғашқы үштiкке кiредi. Дүниежүзiндегi 60-тан астам елге өз тауарларын экспортқа шығарып отыр. Серiктес компанияның өндiрiстегi мол тәжiрибесi мен бiздiң нарықтағы тәжiрибемiздi ескерiп, қысқа уақыттың iшiнде жоғары нәтижеге қол жеткiздiк. Кедендiк одақ аясында кiлем өндiрiсi бойынша бәсекелестiк жүйенi қалыптастырудың мол мүмкiндiгi туындап отыр. Атап айтқанда, Ресейде үш, Беларусь елiнде екi кiлем шығаратын фабрика жұмыс iстейдi. Жалпы кедендiк одақ бойынша бiз осындай алтыншы өндiрiс орны болып табыламыз. Ал озық технологиямен жабдықталу жағынан Қазақстан көш басында тұр. Өйткенi, посткеңестiк жүйеде салынған әрiптестер фабрикалары әлi күнге дейiн ескi техникалық жабдықтармен жұмыс iстейдi. Өнiмдiлiгi де төмен. Бiздiң кәсiпорында автоматтандырылған заманауи құрал-саймандар орнатылған. Олардың қуаттылығы да жоғары, сапасы да анағұрлым артық. Ресей мен Беларусь фабрикалары шығарған тауарлар бiздiң өнiмге бәсекелес бола алмайды. Қазiр автоматтандырылған техниканы ұршықтай үйiрген мамандарымыз Түркиядағы өндiрiс орындарында iс-тәжiрибеден өтiп, бiлiктiлiктерiн жетiлдiрiп қайтты.
Рас, кәсiпорын басшысы Исхаховтың әңгiмесiнде үлкен мән бар. Кез келген жұмысты бастау үшiн сол саланың қыр-сырын жетiк меңгеру қажет. Сонда ғана қолға алған iс алға жылжып, аз мерзiм iшiнде нәтижесi белгiлi бола бастайды. Бұл — заңдылық. Iс тетiгiн кадрдың шешетiнi әу бастан аян. Осы орайда «Бал текстиль» ЖШС-iнiң директоры Т.Исхаховтың кiлем саласының майталман бiлгiрi екенiнде ешкiмнiң дауы болмаса керек-тi. Бұл азаматтың осы бизнесте жұмыс iстеп келе жатқанына 20 жылдан асты. Шетелден кiлемдер әкелiп сатумен айналысты. Қазақ елi тауарларды қашанғы шетелден тасиды? Импортқа деген кiрiптарлықтан құтылуға бола ма? Отандық өндiрiстi неге жолға қоймасқа?! Оған әлеует пен мүмкiндiк толық жеткiлiктi. Бизнестегi тағылымды тәжiрибе мен ұлттық намыс Талғатты осындай жарқын iстерге жетеледi. Түбегейлi бетбұрыс жасау үшiн тәуекелге бел буды. Өзiнiң iскерлiгi мен ұйымдастырушылық қабiлетiне сенген кәсiпкер баламасы жоқ өндiрiс орнын салуға бiлек сыбана кiрiскен. Капиталдың күнi ертең еселеп қайтатынына да кәмiл сенiмдi. Бизнестi дамыту арқылы кiрiс көзiн ашып, отандық экономиканың дамуына лайықты үлес қосатынын жақсы түсiндi. Оның үстiне Үкiметтiң арнайы жасаған бағдарламалары, кәсiпкерлерге қарастырылған түрлi жеңiлдiктерi де соны iстерге серпiн берiп, қанат бiтiргенi сөзсiз.
«Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймақта бизнестi барынша дамытуға қолайлы жағдай туғызылған. Кәсiпкерлер көптеген мүмкiншiлiктерге қол жеткiздi. Несиенi төмен пайызбен алды. Жер мәселесi оңтайлы шешiлдi. Инфрақұрылым тартылды. Барлық құжатнамалық процедуралар ХҚКО-ның (халыққа қызмет көрсету орталығы) «Бiр терезе» жүйесi арқылы жеңiлдетiлгенi үлкен көмек. Салық жүйесi бiршама оңтайландырылған. Коммуналдық жүйесi де бiр iзге түскен. Мұның өзi уақытты үнемдеуге себепшi болды.
Кәсiпорынның келешегi кемелдi. Жобаның үшiншi кезеңi iске қосылғанда жалпы жылдық қуаттылығы 15 млн. шаршы метр кiлем және 8 000 тонна полипропилен кiлем жiбiн өндiруге жетедi. Қазiргi жоспар бойынша шығарылған өнiмнiң 60 пайызы iшкi нарыққа, 40 пайызы экспортқа бағытталған. Болашақта 700 адамды жұмыспен қамти алады. Бұл күндерi мұнда 150 адамға жұмыс орны ашылған. Фабрика Бельгияның соңғы үлгiдегi тоқыма қондырғыларымен жабдықталған.
Фабрика директоры Талғат Ысқақовтың айтуынша қазақтың қолөнерін қазақтан артық түсінетін халық жоқ. Ал импорт кілемдерді шетелдің мамандары жасайды. Бірақ, біздің нақыштарымызды дұрыс келтіре алмайды. Біздің бұл жерде ұтатынымыз — ұлттық нақыштарды өзіміздің түсінікпен, оймен келтіреміз. Біздің мамандарымыз қазір осы сала бойынша жақсы жұмыстар істеп жатқандығын жеткізді. Бүгінде үш ауысыммен жұмыс жасайтын кәсіпорында 150-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар да еңбек етеді. Ал жас мамандар таяуда ғана Түркияда білімін жетілдіріп келіпті. Солардың бірі фабрика ашылғалы осында жұмыс істеп келе жатқан Әбдіғаппар Ерғали.

Әбдіғаппар ЕРҒАЛИ, «Бал текстиль» ЖШС-iнiң қызмектері:
– Осында жұмысқа тұрған соң Түркияда 4 ай оқып келдік. Онда кілем тоқудың қыр-сырын үйретті. Әрине, тоқыма өндірісі оңай іс емес. Қиын. Бірақ, Қазақстанда бірінші ашылып жатқан соң осы жерге көп тер төксем деймін.
Бәсекеге төтеп беруді мақсат тұтқан «Бал текстиль» компаниясы өнімін алдымен ішкі нарыққа бағыттап отыр. Сырттан әкелінетін кілемдермен салыстырғанда бағасы 10 пайызға арзан. Фабрика толық қуатқа шыққанша жыл сайын мұнда 2 милллион шаршы метрден астам кілем тоқылмақ. Ол кезде фабрика өз кілемін шетелде де, атап айтар болсақ, ТМД елдері мен Қытайға сататын болады. Осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап зауыт басшылығы фабриканың екінші кезеңін іске қосуды жоспарлап отыр.
Дәл сол кезде 26 желіні қамтамасыз ететін жіп иіру фабрикасы іске қосылады. Бұл дегеніміз жаңадан тағы 150 жұмыс орны ашылады. Жалпы, кілем фабрикасы 2014-2016 жылдары толық қуатта жұмыс істей бастайды. Сол кезде Қазақстандағы бірден-бір кілем фабрикасы ел нарығының 60 пайызын өнімімен қамтамасыз етеді. Ендеше, төріңізге қажетті кілем алмақшы болсаңыз түріктің немесе иранның текеметіне қызықпай-ақ қалаған өрнегіңізді салып, тоқып беретін Қазақстанда жасалған нағыз отандық өнім «Бал текстиль» компаниясының өнімін алуға кеңес береміз. Отандық өнімге деген қамқорлық сіздің елімізде өндірілген өнім тұтынуыңызбен байланысты болмақ. Сапасы шетелдікінен кем емес, бағасы да лайықты дейді кәсіпорын қожайыны.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста