Токсоплазмоз ауруы жайлы не білесіз?
Токсоплазмоз – қоздырғышы бірнеше механиздер мен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі жасырын және созылмалы түрде дамыитын ауру. Қоздарғышы – апельсиннің бір бөлігіне ұқсас, бір шеті үшкірленген, екіншісі – жұмырланған, ұзындығы – 4-7 микрон. Токсоплазмалар барлық сүткөректілердің эритроциттерінен басқа жасаушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейді. Қоздырғыштар бөліну жолымен көбееді және бірнеше жыл тіршілік етеді.
Токсоплазмоз қоздырғыштары мысықтектес жұртқыштардың ағзасында өніп-өседі, әсіресе, үй мысықтарында. Олар сыртқы ортада ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды, қоздырғыштар тасымалдаушылардың өлігінде және құсығында қысқа мерзімде ғана сақталады.
Токсоплазмозмамен ластанғыш заттар құрғатылған кезде қоздырғыштар жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-50С температурада 15-20 мин, ал 60-80С-та 5-10 минуттан кейін өледі. 5-8С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік, сутте – 2 тәулік тіршілігін сақтай алады. Ал, малдардың өлігінде 8 тәулікке дейін сақталады.
Токсоплазмоз қоздырғыштары жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық даму циклі-мысықтар мен мысық тұқымдастардың ішек жолында өтеді. Ауру мысықтарға тышқанды жеу арқылы жұғады. Жабайы кеміргіштермен қоректеген мысықтың нәжісінен адамға жұғады.
Адам организмінде даму циклы 1-3 аптада аяқталады. Созылмалы процесе кезінде қоздырғыш бұлшық етте, мида және басқа органдарда түзіледі. Олардың даму циклы тоқтаусыз жүріп жатады.
Мысықтар және мысық тұқымдастар – токсоплазмоз инвазия көзі және резервуары болып табылады. Сондай-ақ қоздырғыштары сүтқоректілер мен құстардан да табылады, олар паразиттің аралық иесі болып табылады. Әсіресе тышқан тектес кеміргіштер мен қояндар жиі зақымданады.
Адам организмде болған токсоплазмоз қоздырғыштары құрсақтағы балаға өте зиян.
Аурудың жұғу жолдары
К. К. КУРЕНКЕЕВА «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:
– Қоздырғыш негізінде ауыз және нәжіс механизмімен таралады. Ол бірнеше жолмен атқарылуы мүмкін:
1. Ауыз арқылы шикі немесе жартылай шикі етті, фаршты пайдаланғанда;
2. Жанасу жолы-тұтас мал етін мүшелеу кезінде қасапшылардың және зарарлы заттармен жұмыс атқаратын лабораториялық қызметкелердің жарақаттанған қол терісі мен шырышты қабаттары арқылы;
3. Жүктіліктің бастапқы мерзімінде анасының құрсақ ішіндегі нәрестеге планцента арқылы жұғады.
Токсоплазманың жұғуы барлық елдерде кең таралған. Жасы ұлғайған сайын токсоплазмаларды жұқтыру ықтималдығы ұлғая түседі.
Токсоплазманың жұғушылығы Қазақстанда, сонын ішінде Алматы қаласында бірдей емес, көрсеткіш 4-70% дейін байқалады. Себебі диагностикалық жұмыстың деңгейімен және гигиеналық ережелерді дұрыс орындау жағдайлары түсіндірілмейді.
Аурудың қауіптілігі
Б.К. ТОҚСАНБАЕВА «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:
– Көпшілік жағдайда токсоплазма жұққаннан кейін симптомсыз тасымалдаушылық қалыптасады. Токсоплазмалар жүйке жүйесінде, жатыр, көз тіндерінде өсіп-өнуге бейімделген, сондықтан ауру жұқтарған адамның ағзалары зақымданып, дертке шалдығады, түсік тастау, өлі бала туу т.б. жағдайлар болады. Токсоплазмом жылдың барлық кезеңдерінде болады, дегенмен, күзгі-қысқы, қысқы-көктемгі маусымдарда жиірек байқалады. Қала тұрғындары арасында токсоплазма жұғушылың біршама жоғары.
Аурумен күресу және оның алдын алу шаралары
Е. Д. БЕЛОУСОВА, «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:
– Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын алуға бағытталған. Ол үшін мысық күтімінің ережелерін орындаудың маңызы күшті. Төмендегідей сақтық шараларын ескерген жөн:
1. Қолда бар әдістердің барлығын пайдалана отырып токсоплазмалар сақтаушыларды – үй тышқандардын және синантропты кеміргіштерді жою қажет;
2. Қасапхана, ет комбинаттары, құс фабрикаларының жұмыскерлерін оқтын-оқтын тексеріп тұру;
3. Мал етінен жасалатын өнімдердің технологиясын қатаң сақтау;
4. Барлық жүкті әйелдерді токсоплазмоз ауруына қарсы тексеру;
5. Қан құйғанда жұғудан сақтану үшін донолардың қанын мұқият тексеру қажет.
Токсоплазмоз ауруының ошақтары – Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының маңайында бар.
ҚРДСММСЭҚ «Алматы қаласының дезинфекция
станциясы» РМҚК маманы Кардасинов К.К.