Еліміздегі ересек адамдардың 75 пайызы баланы ұрып-соғуды дұрыс нәрсе деп біледі. Ал 67 пайызы тәрбиеге таяқ қолданады екен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
ЮНИСЕФ-тің осы тақырыпқа арналған зерттеу материалына сүйенсек, елімізде ата-аналардың 65 пайызы ұл-қыздарына ұдайы психологиялық қысым, зорлық көрсетеді. Ал 39 пайызы кәдімгідей сабап алады.
"Біз, ересектер, кейде: "Айналамыз неге зорлық-зомбылыққа толы?" деп таңырқап жатамыз. Ересектердің 75 пайызы өз балаларын сабап алғанды дұрыс деп біледі екен. Ересектер айқай, шапалақ, соққы, кінәлау, мән бермеу, балағаттау және қорлау, мұның бәрі зорлық-зомбылыққа жатады", — дейді желі қолданушысы Гүлназ Имамниязова.
Оның пікірінше, бұл көпшілік қолдайтындай қалыпты нәрсе емес.
Қазақстандықтардың зорлық-зомбылықтың қылмыс екенін түсінгені абзал. Зорлық бара-бара мүлде сұмдық кейіпке енуі де ғажап емес,
—дейді ол.
Express Qazaqstan.