Сергек камерасы"Сергек" камерасы қандай заңбұзушылықты анықтай алмайды?

Sputnik Қазақстан "Сергек" камералары қандай жол ережесінің бұзылғанын анықтай алмайтынын білді. Сондай-ақ, айыппұлдан түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын нақтылады

"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені Алматыда жыл басынан бері іске қосылды. Бұл оқиға көлік жүргізушілері тарапынан қызу талқыланған болатын. Тұрғындарды бұл камералардың қандай заңбұзушылықтарды анықтай алмайтыны қызықтырып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде түскен айыппұлдың қайда кететіні талқыланып жатыр.

Sputnik Қазақстан  жүйе құрастырушыларымен бірге бұл құрылғы туралы тұрғындардың біраз күдігін сейілтеді.

"Айыппұлдан түскен қаражатты белгісіз біреулер алады"
Қате пікір. Бюджет кодексінің 50-ші және 51-баптарына сәйкес, айыппұлдан түскен қаражат бюджетке түседі. Тиісінше, қалада тіркелген айыппұл қала бюджетіне беріледі.

"Сергек" сақтандыру болмаса, айыппұл салады
Қате пікір. Сақтандыру болмағаны үшін полиция инспекторы ғана айыппұл сала алады. Мәліметтер базасын интеграциялаудың арқасында бұл ақпарат полицейлердің планшеттеріне түседі.

"Сергекті" шетелдіктер құрастырды
Қате пікір. Құрылғының бағдарламалық қамтуы мен алгоритмдерін қазақстандық IT мамандар әзірлеген. Өнімнің құрастырушысы - "Көркем Телеком" компаниясы.

"Сергек" кез келген көлікті таба алады
Дұрыс. "Сергек" жүйесінің функционалы жедел алдын алу шараларын өткізіп, іздеудегі, алимент немесе айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушіні таба алады. Бұдан бөлек, "Сергек" жалған немесе шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді де анықтайды.

"Сергек" айыппұлды автоматты түрде жібереді
Қате пікір. Сергек жол ережесінің бұзылуын автоматты режимде тіркейді. Бұдан соң мәліметтер процессингтік орталыққа жіберіледі. Ол жерде ақпаратты полиция инспекторы қарап, электронды-цифрлық қолтаңбамен бекітеді. Тек осыдан кейін ғана айыппұл жүргізушіге жіберіледі.

"Сергектің" сертификаттары жоқ
Қате пікір. "Сергек" жүйесін құрастырған компания Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметінің аттестациясынан өтеді. Демек, Сергек сертификатталған құрылғы, мемлекеттік тізімге енгізілген.

Қауіпсіздік белдігін тақпағаны және телефонмен сөйлескені үшін айыппұл салады
Қате пікір. Мұндай заң бұзушылықтар үшін айыппұлды автоматты түрде салуға болмайды. Мұны көлікті тоқтатқан полиция инспекторы ғана істей алады. "Сергек" жылдамдықтың артуы, жол белгілеріне қатысты талаптардың орындалмауы, қоғамдық көлік жолымен жүру сынды ереже бұзуды тіркейді.

"Сергек" тек жол ережесін бұзуды тіркейді
Қате пікір. "Сергек" , ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді. Елорда, Өскемен және Атыраудағы жобалардың дені өзге камералармен интеграцияланған. Камералардағы барлық ақпарат қаладағы бақылау орталықтарына жіберіледі. "Сергек" мектеп маңында, аулаларда, сауда орталықтары және вокзалдарда да орнатылған.

"Сергек" адамның түрін анықтайды
Қате пікір. Техникалық тұрғыдан мамандар мұндай функционал жасай алады. Алайда адамның түрін анықтау заңнама тұрғысынан реттелмеген. Мұндай тәжірибе "Сергекте" қолданылмайды.

Еске сала кетсек, Алматыда 400 камера ресми іске қосылған кезден бастап 2 564 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Жалпы сомасы 42 010 397 теңге айыппұл салынған.

 

Sputnik Қазақстан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста