Қытай қызын жар еткен танымал қазақтар (фото, видео)

Қытай қызын жар еткен танымал қазақтар (фото, видео)

«Қытай күйеулерге» қазақ қыздарын ақшаға таныстыратын агенттік қазақтың намысын қатты қайрады. Әлеуметтік желіде үлкен алаңдаушылық байқалып, жұрт толқыды. Қазақтың қызын қытайға саудалайтын арсыздардың жұмысына ел есеңгіреді. Алайда, халықты алаңдатқан осынау мәселеге билік әлі күнге үн қатпады. Бір анығы «қазақ қыздарының ақшаға арын сатпайтыны, ұлтын сатпайтыны, азаматтардың аруларын қорлатпайтыны, намысын таптатпайтыны» айқындалды.

Осы орайда қоғамда «Қытай қыздарын жар еткен қазақ азаматтары бар ма екен?» деген сұрақ та туындады. «Қамшы» порталы тілшісі қытай қыздарын жар еткен танымал қазақтар ізденіп көрді. Алдымен тарихқа көз жүгіртіп алсақ, сонау алыс замандарда Қаңлы мемлекетінің хан ордасында сарайға қытай қыздарын алдырып, билеткені, күң етіп қолданғаны айтылады. Ал, қазақтың тағы бір белді руының атымен аталатын Үйсін мемлекетіне қытайдың әйгілі патшаларының бірі Хан У Дидың немере қызы Ши-Джун ханша ұзатылды. Ол тоқал болып барғанда Күнби шаш сақалы ағарып, шау тартқан шал болатын. Ондағы қытайлардың көздеген мақсаты қорғаныс еді. Ши-Джун ханша Күнбиге ғана емес, оның мұрагері Жөншіге де жар болған. Ши-Джун ханша қайтыс болғаннан кейін Үйсін елімен болған одақтастықты одан әрі нығайту үшін Хань-Уди патша тағы да Джие-Ю деген қызды «ханша» салауатымен Үйсін патшасы Жөншіге тоқалдыққа берді. Тарихта Найман ханы Күшліктің де қарақытайларды Жетісу жерінен қуып шығып, хан қызын қатын еткені айтылады. Қытайлармен аралас-құралас отырған қытайдағы этникалық қазақтар арасында да қытай ұлтынан әйел алған қандастарымыз жеткілікті. Асқар Жакулин Қытай қызын жар еткендердің бірі белгілі меценат Асқар Жакулин. Жәкула Күшікұлындай арыстың ұрпағы Асқар Жакулин Қытай жерінде дүниеге келіп, Германияда білім алған. Қазақстанға келіп қызмет еткен ол «Ас-ай» компаниясын құрған. Қытайдағы ең алғашқы қазақтілді «Ауыл» сайтының негізін қалаушы. Көптеген ғылыми, мәдени жобаларға демеушілік жасаған арда азаматтың атасы Жәкула Күшікұлы 1863 жылы дүниеге келіп, 1881-1885 жылдары Омбы Фелдшерлік мектебін тамамдаған соң әскери дәрігер, губерния хатшысы, Тарбағатай өңірінде көзі ашық, көкірегі ояу болыс болған. «Алашордашыл» атанып, НКВД тарапынан қудалауға ұшыраған. Ал, Асқардың әкесі Әнуар Жәкулин Іле аймағының уәлиі, Шыңжаң өлкесінің саяси заң департаментінің басшысы, ҚХР халық құрылтайының бірінші шақырылым депутаты болған. Асқардың жары Жаина Жакулна қазақша есім алып, қазіргі күнде Асқар Жакулиннің атына ие болып отыр.

Тасқын Табысұлы Қытай жұртына 10 жылдан бері танымал Тасқын Табысұлы 1979 жылы 17 шілдеде Үрімжіде өмірге келген. Бүкіл қытай мойындаған Қытайдың құрлықтық әншісі. Ол 1998 жылы Шыңжаң университетінің математика факультетіне оқуға түскен. Университет жылдарында ән салып, өнерге бет бұрған ол Қытай дауысы жобасында әлемге танымал болды. Қазір Қытай астанасы Бейжіңде тұрады. Ол Қытайдың қызын отбасына қазақы салтпен сәлем салдырып, келін етіп түсірді. Қытай қызын жар еткен Тасқын 2008 жылы Тарлан атты ұл сүйсе, 2016 жылы қыздары өмірге келді.



Жұмабек Тұрсын Қанат Исламның ізімен қазақтың күрзі жұдырығын миллиардқа дәлелдеген қандасымыздың бірі – Жұмабек Тұрсынұлы. 1986 жылы туған белгілі боксер Жұмабек Тұрсын2013 жылы отау құрып, шаңырақ көтерген. Ол бір сұхбатында жарының қытай қызы екенін жасырмай айтқан еді. Жұмабектің үйіндегі келін дегенмен қазақтың тілінде сөйлеп, бес уақыт намазын қаза қылмайтын тәрбиелі бойжеткен. Тіпті қазақ қызынан да кіші жар алуына қарсы емес. «Сен батыр жігітсің. Сондықтан көп ұрпақ қалуы керек» деп әзілдеп қояды екен балуанымызға... Тіпті ата-анасының да разылығын алған қытай келін. «Шындығын айтқанда, ол қазақтың салт-дәстүрін қайсыбір қазақ қыздарынан кем білмейді. Ата-ене сыйлау, сәлем салу... – оның күнделікті жұмысы», - деп баяндаған жары туралы Жұмабек.

qamshy.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста