"Құрсақты құлыптап тастау керек..."

"Құрсақты құлыптап тастау керек..."

Бүгінгі денсаулық сақтау саласын қышыма дертіне теңеуге болатын сықылды. Қасыған сайын қыши түседі, қышыған сайын жаралары аршыла береді. Рас қой. Дерті қозып, дауасы табылмай тұрған мәселелері бүгін мұннан, ертең аннан жылт ете қалады... Өткен жылы бас қалада «Қазақстандағы контрацептикалық заттарды пайдаланудың басты факторлары» атты арнайы жиын өткен болатын (Бұл мәселе әлі де өзектілігін жойған жоқ). «Алаш айнасы» осы жайында мәселе көтереді.
Осы жиын барысында талай мәселенің беті ашылды. Оңтүстіктен барған дәрігерлер ащы да болса біраз ақиқаттың басын ашып тастаған-тын. Расында ашынатындайы да бар, соңғы әлетте ана мен бала өлімі сәл де болса азайды дегенмен де, бұл мәселе түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Әрбір ана мен баланың саулығына басымен жауап беретін ақхалаттылар бүгінде дәл осы мәселеге келгенде басымен қайғы десе де болады. Арғы дүниеге аттанған әрбір ананың өлімінен кейін тексеруден тексеру, жиналыстан жиналыс әйтеуір бітіп болмайтын ұртоқпақтан әбден зәрезап болған бүгінде. Түйіншек болып түйілген мәселенің салдарымен емес себебімен күреспек болған мамандар бір бастаманы қолға алмақ болған. Алайда маңдайлары тасқа тигендей болып отыр. Ол бала көтеруге қарсы көрсетілімі бар, денсаулығы нашар аналар арасында контрацептикалық препараттарды пайдалануды насихаттау болатын. Ертеңгі күні аяғы ауыр ананың басына үйірілген қара бұлтты осылай сейілтпек болған әрекеттерінен нәтиже шығар түрі жоқ. Оған ең алдымен келіндерін қорғаштаған енелер қарсы майдан ашып отыр. «Аулақ жүр, келінім туады, ешқандай да «спираль», «мспираліңді» білмеймін» деп үйінен қуып шыққандар да болған. Осы саланың майталман мамандары: «Алдыңғы балалары ылғи қыз болған отбасылардың енелері «келінім ұл туғанша туатын болады» деп қарсы шығып отыр. Тіпті дәрігерлерге үйлеріне келуге де тиым салған. Мамандарға әкімшілікке хат жазыңдар деп кеңес береміз. Тіпті ауыл билерін араға салуға да тура келеді. Бірақ тыңдар құлақ табылмай тұр» дейді. Жүктілікке қарсы пайдаланылатын дәрілер осылайша дау тудырып отыр. Аналарды да түсінуге болады бір жағынан олардыкі ана болу арманы. Ал дәрігерлерге де «қарсы көрсетілімі жоқ» деген есеп керек. Ана мен бала өлімі орын алмаса олардың да құлағы тыныш...
Бүгінде еліміз бойынша оңтүстік бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында. Мұнда жылына 80 мың бала жарық дүние есігін ашады. Соған орай ана мен бала өлімі де жиі орын алатын аймақ. Әрі бала туу жасындағы аналардың денсаулығы ең нашар өңір саналатынын қосыңыз. Осыған орай өз тараптарынан кішігірім зерттеу жасап көрген басқарма мамандары жағаларын ұстап отыр. Ауылдық жерлерде нәпақа табатын жұмыс болмағаннан кейін балаға берілетін жәрдемақымен күнелтіп отырған отбасылар жетерлік екен. Осы жәрдемақы үшін босануға бел байлайтындар басым құсайды. Жыл сайын босана бергеннен кейін ананың денсаулығы да нашарлай беретіні белгілі. «Қара тізімге» іліккен аналар да аз емес. Олардың арасында түрлі топтағы рак ауруына шалдыққандар, жүрегі, бүйрегі ауыратындар көп. Бала көтермек түгілі өз денсаулығы қатерге ілігіп тұрған мұндай аналардың саны облыс бойынша тоғыз мыңның о жақ, бұ жағында. Яғни, оларға бала тууға мүлде болмайды, құрсағын «құлыптап» тастау керек. Басқармадағылардың айтуынша бұл тапсырма 100 пайызға орындалуы тиіс. Ал республикалық ауқымда атқарылып жатқан жұмыс та аз емес... Контрацептикалық заттарды пайдалану мәселелері бойынша көптеген зерттеу жұмыстары 7 елде жүргізіліпті. Олардың арасында Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Босния, Герцеговина, Болгария, Македония мен Сербия да бар. Осыған байланысты шешімін табуы тиіс көптеген проблемалар бар екені анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселені шешу үшін жұмыс атқарып жатыр.
Зерттеу жұмыстарын аталмыш ассоциация мүшелері елімізде өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізген. Оған Отбасын жоспарлау халықаралық федерациясының еуропалық жүйесі де көмек қолын созыпты. Бала көтеруге қабылетті жастағы яғни 18-ден 45 жасқа дейінгілер зерттеу нысанасына айналған. Нәтижеден белгілі болғанындай жүктілікке қарсы контрацептивтердің қымбаттығынан оған көпшіліктің қолы жете бермейтіні белгілі болып отыр. Ал қолда барды ұқсата алмайтындары да көп екен. Тіпті жүктіліктен қорғанудың қарапайым тәсілдерін білмейтіндер де көп болып шықты. Әсіресе жастардың осы төңіректегі түсініктері тым төмендігі байқалып отыр... Ана мен бала өлімін азайту жолында азапты да ауыр міндетті мойнына арқалаған дәрігерлер арқа еті арша, борбай еті борша болып жұмыс атқаруда. Нәтиже күткендегідей емес. Аз болғандай енді бұған «енелер көтерілісін» қосыңыз. Сонымен бұл мәселе пин-кодқа түсіп тұр. Оның кілтін табу мүмкін бе, мүмкін емес пе, әзірге белгісіз.
«Мәселе шешімін тапты» деуге әлі ерте…

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста