ҚАЗАҚЫ ТӨБЕТ ҚАЙДАСЫҢ?

ҚАЗАҚЫ ТӨБЕТ ҚАЙДАСЫҢ?

Бүгінде қара базарда қазақы төбеттің құны 40-45 мың теңгеден түспей тұр. Таза қанды қазақы төбетке сұраныс та көп. Бағаның қымбаттығы - ұлттық бренд болуға лайықты жеті қазынаның бірі саналатын төбеттің тұқымы аз екендігін де білдіреді. Расында қазақы төбеттің тұқымы тұздай құрып кетті ... деуден аулақпыз. Дегенмен соған жетеқабыл дабыл қақтырарлықтай жағдайда. Сондай-ақ желмен жарысқан жүйрік тазылардың тұқымы да азайып барады. Құмды, таулы, аң аулауға қолайлы аудандарда ғана болмаса қазір қалаға жақын ауылдардан тазыны көру мұражайдағы жәдігерді тамашалағанмен бірдей болып қалды. Одан беріде қазақы төбеттеріміз де «қайдасың?» деп іздеттіретіндей жағдайға жетті. Дәлірек айтқанда тұқымы азып барады. Басы аюдың басындай, ірі денелі қазақы ит қазір қалтасы қалыңдардың үй күзетшісіне айналған. Көбісі туыла салысымен бас салатын түрлі ауруларға қарсы вакцина егілмегендіктен ерте өліп қалады. Оны әлпештеп, уақтысымен дәрісін салдырып отыратын қазекем қайда? «Алаш айнасы» төбет пен тазыны түгендеп шыққан еді.
Сараң статистикаға сенсек, 1939 жылы Қазақстанда тазының саны 7 мың, ал төбет 19 мыңға жетеқабыл болған екен. Ал бүгінде еліміз бойынша тазының 300-дей, қазақы итттің 1 мыңға жетер жетпес қана тұқымы қалыпты. Дабыл қағарлықтай-ақ жағдай. Қолға алып қорғамаса айналдырған аз ғана жылдың ішінде «Қызыл кітапқа» енуі де ғажап емес. «Қызыл кітап» демекші, 2003 жылы асыл тұқымды үй жануарлары мен жабайы аңдарды қорғау туралы Қазақстан Үкіметінің қаулысы шыққан болатын. Бірақ қаулыдан қайран болмайтын түрі бар. Өйткені таза қанды иттерді қорғау, сақтау туралы жазылған бірде бір бап жоқ. Сол себепті де, тазымыз бен төбетіміз Қазақстанның «Қызыл кітабына» енбей қалған. Оларды асырап, сақтап, тұқымын көбейту мәселесі мемлекеттік маңызы бар мәселе бола қоймас. Алайда мамандар ұлттық бренд болатындай асыл тұқымды иттеріміздің еліміз үшін аса маңызы бар дейді...
Ит туралы айта берсе таңға айтса таусылмайтын әңгіме көп. Әлемде иесіне пәленбай мың доллар табыс түсіретін өте бай  иттер бар. Олардың түрлі байқауларға қатысып, алған медальдарының өзі бір төбе. Ит жүгіртуден, иттөбелестен озып шыққан ондай иттердің күшігі де өте қымбат тұрады. Әрі тұқымының тектілігі де ескеріледі. Одан беріде әкесі чемпион, шешесі кандидат десе де көкесінің құнын сұрап, шарықтатып әкетеді. Бірақ сол медальді иттердің қатарынан қазақы төбет көрінбейді. Қой бағудан қолы тимей жүр ме, әлде... Әлемнің әр түкіпірінде жыл сайын иттер байқауы өткізіліп тұрады. Тіпті, иттерге арналған қонақүйлер де ашылып жатыр. Ерекше ақылды иттеріне ескерткіш орнатып жатқандар да бар. Адамның төрт аяқты досына осыншама құрмет көрсетіліп жатқанда біздің қазақы төбетке деген жетім көзқарасымыз олардың қабіріне шөп шығарып тындырмаса болғаны дейсің кейде. Олардың тұқымының тым азайып кетуінің де түрлі себептері бар секілді. Біріншіден, үркіншілік жылдары аштықтан қырылуы бек мүмкін.  Екіншіден, кезінде шолақбелсенділердің кесірінен індет қадағалау стансасы мамандарының сылтауымен ит атқыштардың қарауылына ілігіп, қырылды. Үшіншіден, соғыс жылдарында иттерді майданға аттандыру қазақы төбеттердің сирексуіне себеп болды ма екен? Танкінің астына тамақ беріп үйретіп, үстіне граната байлап, жау танктерін жарып жіберуге пайдаланған қайран сол қазақы төбеттердің ерлігі еленбеді. Тек ел аузында айтылғаны болмаса. Одан бері де олардың тұқымын асылдандырумен ешкім айналыспады десе де болады. Қайта шетелден әкелінген кәнден күшіктермен будандастырып тұқымының азуына әкеп соқтырды. Бас дәу, бойы тәпелтек, аяғы маймақ сол иттерді қазақы төбеттен туған деуге қимайсың. Сөйтіп дүбара күйге ұшыраған қайран сырттандардың сыны да кетті, сыры да кетті. Үй күзетіп, қой да қайырысатын, адамның ең сенімді серігі итті  бағаламайтынымызды осыдан-ақ бағамдай беруге болар. Түркіменстан, Өзбекстан, Кавказда үйлену тойларында ит төбелестіру үрдіске айналған. Бұл бір шетінен кавказдық овчаркалардың тұқымын көбейтіп, баптауға таптырмас жарнама десе де болады. Аты шыққан иттерін қымбат бағаға саудалауға да жол ашылады. Сол үшін де олар асыл тұқымды иттердің тұқымын көбейтіп, баптайды. Төрін бермейтін түркімендердің ахалтеке жылқысымен аты шықса, енді алабай итімен де аты асқақтап тұр. Оны қорғауды түркімендер мемлекеттік деңгейде шешіп қойған. Алабай тұқымды итті шекарадан шетке шығару мүмкін емес. Шекарадан шығарып, қолға түскен адам бас бостандығынан айырылады. Бүгінде Түркіменстанда Ахалтеке жылқысы мен Алабай итін өсіруге арналған арнайы бағдарламалар қолға алынған. Оларда тұқымын асылдандыру үшін арнайы зертхана, питомник, тіпті зауыттар салынған. Ғалымдары диссетация қорғап, зерттеу ісімен айналысады. Осылайша олар ұлттық мақтаныштарын сақтап қана қоймай, тұқымын көбейтіп сатып шаш етектен пайда тауып отыр. Түркімендердің алабай иті сияқты атын шығармақ түгілі қазақы төбеттің тұқымын сақтап қалудың өзі мұң болып тұр.
Әлі де кеш емес. Таза қанды иттердің санын көбейту үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, иттерді баптап өсіретін арнайы орындар ашу қажет-ақ. Ол үшін ниет болса болғаны.  Енді біраз жылдан соң онсыз да аз қалған қазақы тұқымды иттен мүлдем айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Қазақы төбет пен тазыны қорғауды қолға алатын кез баяғыда жеткен. Ертеңгі күні қымызымызға иелік еткен немістер сияқты  тағы бір пысықтардың шыға келмесі ғажап емес...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста