Қазақстандықтарға балалардың пойызда қанша жасқа дейін тегін жүре алатыны айтылды

Қазақстандықтарға балалардың пойызда қанша жасқа дейін тегін жүре алатыны айтылды

Жаз басталысымен көптеген отбасы алыс, жақын саяхатқа шығады, мысалы тойға, туыстарына қонаққа, демалысқа. "Жолаушылар тасымалы" АҚ балалар үшін пойызға билет алу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалардың пойызда жүруі 
7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды.

"Өзіне бөлек орын беру үшін балалар билетін алу қажет. Егер 7 жасқа дейінгі балалар саны екі немесе одан көп болса да балаларға арналған билет алу қажет болады. 7-15 жас аралығындағы балалар билетіне ересектер билеті құнының 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер бар. 15 жастан жоғары балаларға ересек адамдармен бірдей бағада билет алынады", - деді компания өкілдері.

Балалар билетін алу үшін қандай құжаттар қажет?

Балаға билет алу үшін жеке басын куәландыратын құжат – баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты керек болады.

"Баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі билетпен бірге жолсерікке пойызға мінер алдында беріледі", - делінген компания хабарламасында.

Баланың жалғыз өзін пойызбен қалай жіберуге болады?

15 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге ғана пойызға отыра алады.

"Егер бала пойызда оның заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге баратын болса, онда сол адамның баланы ертіп жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат керек болады. 15 жастан асқан балалар пойызда өзінің ата-анасы, яғни заңды өкілінің атынан оның жалғыз жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда өзі саяхатқа шыға алады. Ал жолаушылар пойызына отырғызғанда немесе жолда баланың қасында заңды өкілі бірге болған жағдайда сенімхат көрсету талап етілмейді", - деп түсіндірді темір жол саласының мамандары.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста