Қазақстандық шенеунік карантин талаптарын бұзған әйелі үшін кешірім сұрады

Қазақстандық шенеунік карантин талаптарын бұзған әйелі үшін кешірім сұрады

"Қазақстанның электр энергиясы мен электр нарығы операторы" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс карантин талаптарын бұзған әйелі үшін кешірім сұрады деп хабарлайды stan.kz.

 

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері мониторингтік топтар 155 нысанды тексеріп, оның 40-ында заң бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, банкет залдарының бірінде полицейлер 200 адамдық тойды тоқтатты.

 

Осындай тексерудің бірінде белгілі блогер Әлия Исенова мен энергетика министрлігінің жоғары лауазымды мүшесі Бақытжан Ілиястың әйелі Мадина Сейтбаталованың түнде ойын-сауық мекемелерінде жүргені анықталды. Карантинді бұзушылар жасырынуға да тырысқан жоқ. Олар әлеуметтік желілерге тікелей эфир арқылы шықты. Осы кадрлар бойынша полиция заңсыз жұмыс істеген мекемені тапты.

 

Бардың иесі үлкен айыппұл төлеуге мәжбүр. Ал шенеунік карантин кезінде қыдырып жүрген әйелі үшін көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды.

 

“Мен әйелімнің қатысуымен караокеде болған кешегі оқиға туралы айтқым келеді. Мен өз әріптестерім сияқты санитарлық дәрігерлер ұсынған барлық сақтық шараларын қатаң сақтаймын. Мен сіздерден кешегі оқиға үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Мен әйеліме бәрін түсіндірдім, бұдан былай бұл қайталанбайды”, – деді "Қазақстанның электр энергиясы мен электр нарығы операторы" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс.

 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда вакцинаға қарсы блогер Әлия Исенова мен шенеуніктің әйелі Мадина Сейтбаталова карантин талаптарын бұзғаны үшін ұсталған еді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста