Қазақстанда жануарларға жасалған қатігездік үшін 583 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" жаңа заң жобасында жануарға қатыгездік танытқандарға 583 мың теңге айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа заң жобасын қабылдаудың мақсаты – жануарларға адамгершілікпен қарауды құқықтық реттеу, оларға мейіріммен қарау.

 
Жаңа заң жобасында мыналар қарастырылған:

- мемлекеттік органдардың жануарларға қатынас пен оларды реттеу саласындағы өкілеттіліктерін бөлу;

- жануарларды ұстауға және тасымалдауға, сондай-ақ өсіруге және ветеринариялық қызмет көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;

- жануарларға қатыгездік танытқан жағдайларды насихаттауға тыйым салу.

Сонымен қатар, Әлия Шалабекова жекелеген санаттағы жануарларды мәдени және ойын-сауық мақсатта, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй жағдайында ұстау және қараусыз, қаңғыбас жануарларға қарау кезінде қойылатын талаптар анықталғанын атап өтті.

Қоғамдық бақылау үшін мұндай жағдайға немқұрайлы қарамайтын азаматтар мен қоғамдық ұйымдар жануарларды емдеу саласындағы "қоғамдық инспекторлар" ұғымын енгізуді ұсынады. Неғұрлым егжей-тегжейлі тәртіпті уәкілетті орган айқындайтын болады.

Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікті қоса алғанда, жануарлардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін иесінің жеке жауапкершілігі енгізіледі. Құқық бұзушылық үшін жаза қатаңдатылады. Яғни, жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған жағдайда 1000 АЕК немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын  қабылдау Қазақстанның прогрессивті, заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтады, барлық тіршілік иелеріне адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады, сондай-ақ жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды", - деді Әлия Шалабекова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста