Қазақстанда кене энцефалитінен 3 адам қайтыс болды

Қазақстанда кене энцефалитінен 3 адам қайтыс болды

Қазақстанда соңғы екі жылда кене шаққан үш адам қайтыс болды. Елімізде кене энцефалиті бойынша Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қаласының маңайы эпидемиялық аумаққа жатады. Соңғы жылдары бұл тізімге Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары қосылды. Паразиттің шағуы несімен қауіпті және одан қалай қорғануға болады? Azattyq Rýhy тілшісі арнайы мамандармен сұхбаттасқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

КЕНЕ ШАҚҚАНДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ДӘРІГЕР КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНБЕЙДІ

 

Елімізде мамыр және маусым айлары кене энцефалиті бойынша эпидемиологиялық кезеңге жатады. Дегенмен қазірдің өзінде көктем ерте келетін оңтүстік өңірде кене шаққан адамдар cаны былтырғымен салыстырғанда үш есе артқан. Шымкент қаласы кене шағуынан туындайтын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша індет көп таралатын өңір саналады.

 

Өткен жылы кене шаққандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Бұл ресми көрсеткіш. Мамандардың айтуынша, кене шаққан адамдардың барлығы бірдей дәрігер көмегіне жүгіне бермейді.

 

Соңғы екі жылда Қазақстанда кене энцефалитетінен 3 адам қайтыс болды. Олардың екеуі Шығыс, біреуі Солтүстік Қазақстан облыстарында.

 

КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ - ҚАУІПТІ АУРУ

 

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр өңірде 408 адамды кене шаққан, бұл оның алдындағы эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 9 пайызға артық. Бүгінде кене шаққан 6 адам дәрігерге көрінген, олардың үшеуі – бала. Былтыр 9 адам кене энцефалитін жұқтырса, биылдыққа ауру тіркелген жоқ.

 

«Кене энцефалиті - қауіпті инфекциялық ауру. Орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Аурудың салдарынан адам мүгедек болып қалуы, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Вирусты жөлек-иксодты кенелер таратады. Табиғи ошақта жұмыс істейтіндер үшін әр үш жыл сайын күздің соңында вакцинация жүргізіледі. Вакцина алмас бұрын дәрігердің кеңесі қажет», - дейді СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.

 

БӘРІНЕ БІРДЕЙ ВАКЦИНА ЕГІЛМЕЙДІ

 

«Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» мекемесінің деректері бойынша  кене шаққандардың емдеуіне 2020 жылы 18 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалса, өткен жылы 12 млн. теңге шығындалған.

 

«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.Қазақстанда профилактикалық иммундауға қызметі кене энцефалитінің табиғи ошақтарында болумен байланысты адамдар жатады. Вакцинаны енгізуді күздің соңында бастау ұсынылады, бұл бірінші вакцинация, екіншісі - бір айдан кейін, үшіншісі – бір жылдан кейін және үш жыл ішінде жыл сайын ревакцинация. Кене энцефалитінің табиғи ошақтарында орналасқан аумақтарда тұратын және медициналық көмекке жүгінген адамдарға нұсқаулыққа сәйкес мерзімде иммуноглобулинмен серопрофилактика жүргізіледі», - дейді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Сәдуақасов.

 

КЕНЕМЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

 

Орманға, табиғат аясына шыққан жағдайда ұзын жеңді және ақшыл реңді киім киген дұрыс, өйткені қара кене ақ түсте жақсы көрінеді.

 

«Кене шөпте немесе ағаш бұтағында отырады. Бірақ 1,5 метрден жоғары көтерілмейді, сондықтан олар әдетте адамның аяғына жабысып, жоғары өрмелейді. Баяу жәндіктер адам денесіне бірден жабыспайды, ыңғайлы, таса орын іздейді. Сондықтан үсті-басты сілкіп, дұрыстап қарап шыққан жөн. Сондай-ақ крем, гель аэрозоль секілді репелленттерді қолдану қажет. Әрбір кене ауру тасымалдағыш емес. Бірақ орман белдеуінде немесе шөбі шалғын жерлерде демалғаннан кейін, шағу белгілері пайда болса алғашқы 4 күн ішінде маман көмегіне жүгінуіңіз керек. Кене шағуы қауіпті, соның ішінде күшті аллергиялық реакция болуы мүмкін. Сондай-ақ тершеңдік, әлсіздік, ұйқы келуі, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі ықтимал», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.

 

Кене шағып алған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханаға барып көрінген жөн.

 

Елімізде кенелер, маса, шыбын-шіркеймен күресу үшін өңірде профилактикалық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2021 жылы кене энцефалитінің табиғи ошақтарында кенеге қарсы тосқауылдық өңдеудің екі түрі өткізілді. Жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 56 млн. 754 мың теңгеге жетті. Республика бойынша барлығы бес өңірде өңдеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста