Әлеуметтік желіде Қытайдан келген қандастың видеосы тарап жатыр. Қазақстан азаматтығын алған кісі Қытайға қайтқысы келгенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
«Қытайдан келген қазақтардың Қазақстаннан үміттері үзіліп, енді Қытайға қайтуды бастады. Аты Қазақстан дегенмен, заты қытайстан, баяғыда Қытайдың бір ауданына айналып кеткен. Бірақ та Қытайда барлық жағдайыңды жасайды, үйің болмаса – үй салып береді, малың болмаса – мал алып береді, ұның болмаса – ұн алып береді.
Қазақстандағы қазақтар хайуаннан бетер, ешқандай мүмкіндік бермейді, келешектен ешқандай үміт жоқ, ел болудан қалған, қазақтың тілі, діні, ділі өлген, басшысы сатқын, билігі парақор, қыздары жезөкше, ұлдары құл, Қазақстанда қазақ қана ең төменгі сорт. Бұндай елде өмір сүргенше, Қытайға қайтып, аз өмірді мәнді өткізген абзал депті шал. Ол да дұрыс шығар, қазақтың қолынан арам өлгенше, жаудың оғында өлген әлде қайда жақсырақ» делінген видео астында.